Сабақ. Сабақтың тақырыбы : Қысқы ойындар. Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу



бет12/13
Дата11.11.2022
өлшемі30,76 Kb.
#157697
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
мүсіндеу ұоқ тері
Сергіту сәті картотекасы-1, коктем ашық сабақ 2
Торсық жасау үшін: Бір кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, екі бөлікке бөлеміз. Үлкендеу бөлігі - негізгі бөлігі, кіші бөлігі - мойны. Үлкен болікті домалақтап, алақанымызға салып жалпақ- таймыз, ал кіші болігінен ширатып, шүжың дайындау.Торсықтың негізгі болігін таңтайдың үстіне орнатып, мойнын біріктіріп, сыртын тегістеу.Кескіш таяқшаның көмегімен торсықтың негізгі бөлігінің жоғары жағынан мойнын біріктерген жерден аздап кесіп, ұшын иіп, торсықтың пішініне келтіреміз.
3.Өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарай білетін торсық, кесе, ожау, ыдыстарды жасау. Торсықтың сыртын ермексаздан жасалған ою-өрнекпен сөндеу.
Оқу іс-әрекетін қорыту Балалар жасаған әртүрлі ыдыстарынан мазмұнды композиция құрастырып, көрме ұйымдастыру.Балалардың мүсіндеген жұмыстарын тексеріп, балалардың өздеріне талдату, бағалату.

30-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.


Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі геометриялық денелерден адам денесін құрастыруды үйрету; кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын бере білу; мазмұнды композиция құрастыру дағдыларын бекіту.
Керекті құралдар мен материалдар:
Толық тұлғасы бейнеленген адамдар суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалардан өз отбасы туралы айтып, әңгімелеп берулерін сұрайды. Отбасында неше адам тұратынын, үлкен отбасында кімдер болатынын, олардың туыстық атауларын атап берулерін, бір-бірімен қандай қарым-қатынаста өмір сүріп жатқандарын әңгімелету. Әр баланың өз отбасы туралы айтқан ойларынан кейін , бүгін ермексаздан осы отбасы мүшелерін мүсіндейтінімізді айту. Алдыңғы сабақтарда («Қысқы ойындар», «Алдаркөсе», «Ұлттық киімдегі арулар») адам денесін қандай тәсілмен мүсіндегендерін естеріне түсіру.
2.Түсіндіру: балаларға адамның дене құрылысын ермексаздан жасау жолдарын көрсетіп, жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.
Ер адамның мүсіні: Ермексаз кесегін бірнеше бөлікке бөліп алу.Түрлі түсті ермексаз бөліктерін жұмсартып алу. Цилиндр - кеудесі (күртеше), екі шағын цилиндр - қолдары.
Кеудесін жасау үшін, ермексаздың көбірек көлемін бас бармақтың көмегімен төмен қарай ысырып, конус пішініне келтіру. Кеуденің жоғарғы екі жақ жанына қолдарын орналастырып, біріктіру.
Екі шағын цилиндрден шалбар киіп тұрған аяғын жасау.
Екі шағын цилиндрден аяқ киімін жасау.
Ақ түсті ермексазды қызыл сары ермексазбен түсі дене түстес болғанға дейін жақсылап илеп, араластыру. Алынған ермексаздан домалақтап басын, мұрнын жасап алу.
Кеудесіне басын, басына мұрнын орналастыру. Қара түсті ермексазды жұмсартып, шаштың түріне келтіріп, басына жапсыру.
Аяқтарына аяқ киімін жабыстырып, бекіту.
Басын, кеудесін, аяқтарын біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын бейнелеу.
3.Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, тәсілімен танысып, өздерінің отбасындағы адамдарды ермексаздан жасауға кіріседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет