Қысқа мерзімді жоспар №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Кысырауова Шынар Андебековна



Дата24.04.2017
өлшемі67,3 Kb.
#14978
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі:Кысырауова Шынар Андебековна

сот. 87050315920


Пәні

Тіл өрнегі 4- сынып

Тақырыбы:

Антоним сөздер

Мақсаты:

Тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту.

Күтілетін нәтижелер:

1.Антоним сөздерді түсінеді, мысалды өзі талдай отырып, ережені өздері қорыта алады.

2.Бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алады, ойлауы мен зейіні артады, білім - білік дағдыларын қалыптастырады.

3.Сыныпта ынтымақтастық орнайды, ауызбіршілікке, бір – бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға дағдыланады.

4.Топта жұмыс істей алады, өз пікірін айтуға төселеді



Пән. байланыс

Ана тілі, дүниетану, математика

Сабақ кезеңдері:

Ресурстар

Мұғалім -оқушы әрекеттері

Стратегиялар

Бағалау







Шаттық шеібері. Жабырқауды білмейміз, Біз талантты жас ұлан,

Жалқаулықты сүймейміз. Үлгі аламыз жақсыдан.

( Бір – бірімізді қол шапалақтап қолдап қоямыз )


Шаттық шеібері




Қызығушылықты

ояту




Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

- Осы мақал - мәтелдегі қандай екі сөзді жұптастыруға болады?

- (Жақсылық - жамандық) - Олар мағыналары қандай сөздер? - (қарама - қарсы сөздер)

- Қарама-қарсы сөздерді тағы қалай айтуға болады?


Ой қозғау




Мағынаны тану

Қиықшалар

Қиықшалар

Қиықшалар

Қиықшалар

Перфокарта




ОЙ АШАР Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы:

1-топ: Математика сабағында: Қосу – алу, Көбейту – бөлу, Үлкен – кіші

2-топ:Дүниетану сабағында: Өлі және тірі табиғат, ащы-тұщы

3-топ: Әдебиет сабағында:Мақал – мәтелдерде:

Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.

Жұмбақтарда: Асты тас, үсті тас, Ортасында піскен ас (таба нан) т.б

ТОППЕН ЖҰМЫС

1- топ: Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді жалғастыр, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?

Ақыл – дос, ашу – дұшпан, Көп сөз – күміс. Аз сөз-алтын. Қыс азығын жаз жина.

Дос жылатып айтар, Дұшпан күлдіріп айтар

2- топ: Төмендегі антоним сөздерді жұп – жұбымен жаз

Қара, бар, қол, семіз, жоғары, жақсы, кіші, төмен, аяқ, алыс, үлкен, кеш, арық, жақын, жаз, ерте, жоқ, шар,қыс, ақ.



3-топ: Берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңдар

Жақсы – … Ұзын – … Үлкен – … Арық – … Биік – … Қара – … Дос – … Ерте – …

Ақылды – … Татулық – … Жоғары – … Қуану – … Асты – … Жылдам -…

3-топ: СӘЙКЕСТЕНДІР. Мағынасы бір біріне қарама – қарсы сөздерді сәйкестендіріңдер.

Қысқа жең —–ауру

Алыс ———қымбат

Арзан ———жеңіл

Ауыр ———–аласа

Жаз ———–ыстық

Суық ——–жақын

Биік ——ұзын жең

Сау————– қыс

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

1-топ: терме жұмысы .Данышпандар кітабы.

Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны, ал түймесе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезден осылай таныса, әрине оның жас шағы кемелдене отырып ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.

Тапсырма: мәтіндегі антоним сөздердің жұбын табу.

Тексеру. Күн - түн, ыстық - суық, бейбітшілік - соғыс, жақсы - жаман, білгір - надан, оң - сол, жас шағы - кәрілік.

2-топ: « Сынарын тап»

Биік – аласа --------------------- Жақын – алыс ----------------- Ұзын - қысқы

Тез – баяу ------------------------ Алды – арты ------------------- Ақ - қара

Таза – лас ------------------------- Дос – қас ----------------------- Ыстық - суық

Бар – барма --------------------- Жарық – қараңғы ------------- Іші - сырты

Әдемі - әдемі емес ----------- Жуан – жіңішке ---------------- Алыс - жақын

Үсті – асты ------------------------ Сүйкімді - сүйкімсіз ---------- Құрғақ - ылғалды

Ащы – тұщы Кең – тар Сәнді – сәнді емес



3-топ:перфокарта бойынша жұмыспен бекіту.

Антонимдер

Сын есім

Етістік -

Зат есім

күлу - жылау










анау - мынау










жаз - қыс










әне - міне










жоғары - төмен










күн - түн










ерте - кеш










өмір - өлім










ашық - жабық










қону - ұшу










көп - аз













Ой ашар

Топпен жұмыс

Жұптастыру

Терме жұмысы

Сынарын тап

перфокарта бойынша жұмыс



Екі жұлдыз, бір пікір

Жұптық бағалау


Топтық бағалау

Өзіндік бағалау

Топтық бағалау



Ойтолғаныс




Қарама – қарсы мағыналы сөздерді қойып, жаңа мәтін құрастыру

• Мен көптен нашар оқушымын.

• Дәптерімді ұқыпсыз ұстаймын, жазуым лас.

• Сабақтан кейін үйге көңілсіз қайтамын.

• Менің күнделігімді көргенде анам ренжиді.

• Осының бәрінен шаршап кеттім. Мен басқалардан кеммін бе? Енді мен.........



Ой

толғау


Рефлексия

Үш шапалақ




стикер

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады.Сабаққа баға береді. Екі жұлдыз,бір тілек.

Өзін-өзі бағалау.Топтық бағалау.






сабақты бағ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет