Сабақ Сабақтың тақырыбы: № М. Өтемісұлы «Мен едім», «Бағаналы терек» өлеңдері 47 орта мектеп Күні



бет3/5
Дата20.11.2022
өлшемі34,67 Kb.
#159023
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту
Сабақтың нәтижесі: 

Шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады
- топта ойласа отырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды;
- тапсырмаларға өз ойын айта алады;
- оқушылар сөздік қорын молайтады.
- сабақта тапсырманы қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады.

Жоспар

Сабақ бөлімдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ресурстар

Басы
Білу

2 минут

  • Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.

  • Топқа бөлу. Топ ережесімен таныстыру.

1 топ-ақын; 2 топ-батыр; 3 топ-күйші

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.


4 минут


«Жедел жауап» әдісі

2 минут
Үй тапсыр/н бекіту

Үй жұмысы: М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы. «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі.
1. Махамбеттің қанша өлеңі сақталған?
(79 өлеңі)
2. «Қызғыш құс» өлеңінің тақырыбы не? (Исатайдан, жерінен айырылып өкінуі, өксуі)
3. Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасыңдар? Өлеңнен үзінді оқылады.  Жәңгір хан Махамбетті шақырып:-Ау, Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.Махамбет:- Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісіңді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?

  • Хан емессің қасқырсың,

  • Қас албасты басқырсың.

  • Достарың келіп табалап,

  • Дұшпаның келіп басқа ұрсын.

  • Хан емессің аянсың,

  • Айыр құйрық шаянсың.

4. Көтерілісті ұйымдастырудың басты себебі не?
5.Махамбет арабша, орысша хат таныған, қай араб – парсы, түрік, татар, орыс тілдерін меңгерген.
6. «Тарланым» өлеңі қандай сарында жазылған?(Жоқтау)
7. Өтемістен туған он едік
Онымыз атқа қонғанда
Жер қайсқан қол едік,-деп жырлаған болатын. Сол Өтемістен туған он кімдер? (Бекмағанбет, Махамбет, Тоқтамыс, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен, Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл)
8. Махамбеттің өзге сарбаздардан, тіпті Исатайдың өзінен де артықшылығы неде? (қолындағы наркескені мен тілінің найзадай өткірлігі, аузындағы ғаламат сөзінің құдіреттілігі)
9. Махамбетті кім өлтірді ? (кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймайды. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дайындайды. Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, табын Төрежен Тұрымұлы, Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы)
10. Махамбет поэзиясының тақырыбы не? (майдан)


«Мен, мен едім, мен едім» өлеңін тыңдау

11.«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің шығу тарихы қандай? (Көтеріліс жеңілгеннен кейін Махамбет ел ішінде жүре алмайды. Бір күні Баймағамбет пен Махамбет оңашада кездесіп қалады. Батыр үйге қару –жарағын тастамай кіреді. Баймағамбет батырдан «Исатаймен бірге не мақсатпен күреске шықтыңдар?»-деп сұрайды. Батыр «Менің сөзім сізге жақпас»,- деп айта қоймайды. Сұлтан қайта – қайта өтініш қылады. Сонда Махамбет Исатайды жоқтап, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» атты өлеңі дүниеге келген екен. Баймағамбеттің алдындағы жас төрелер ашуланып қызған кезде, сұлтан «Бұлай айтпаса Махамбет батыр болар ма, батырдың сөзін көтермесем мен хан болам ба»,- деген екен)


12.«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі қанша тараудан тұрады? 12 тарау
Өлеңнің тақырыбы, идеясы, сюжеті.
Тақырыбы-«Кек жолында»
Идеясы- өшпенділік.
Шығарма арқауы- қиял.
Сюжеті- тартыс.

Қойылған сұрақтарға оқушылар нақты, дәлелмен жауап береді. Махамбет өлеңдерімен толықтырулар жасайды.

аудиожазба



Ортасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет