Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



бет3/18
Дата27.02.2020
өлшемі2,61 Mb.
#57751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



16-16-сабақ

8-сынып Қазақ тілі Күні: 29.09.15ж.

Сабақ тақырыбы

Диктант «Ұстаз»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.

Жамбыл – жүз жасаған ақын.

Ол Сүйінбайдың шәкірті болған.


Дереккөздер,сілтемелер

«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар С.С.Бралина

2011ж .



Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Қазақ жазушылары

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.



Ұстаз
Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында бір үлкен ас болды. Оған арғы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақ ат құрғатпай келіп жатты. Асқа әнші, балуан, сайыскер, ақындар жиналды. Менің бұл жолғы ойым Жамбылмен жүз көрісу.

Көгорай шалғынға қатарласа тігілген көп киіз үйлер. Сол үйдің орта шеніндегі бірінде Жамбыл бар десті. Қырғыздың ақыны Қалмырза да менің алдымда сол үйге түскен екен. Үйдің іші толған адам. Босағада бас сұғар жер жоқ. Үйден домбыраның үні шығады. Қыз, бозбала, ақсақалдар да осы үйді төңіректеп жүр. Мен үйге өлеңдетіп кіріп бардым.

(86 сөз)






Жазу кезеңі

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.



Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Жамбылдың пірі кім болған?




Қайталау ережелері

Шешендік сөздерден 6 сөйлем жазып,сөйлем мүшесіне талдау



Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету



ІІІ МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Мен ата-анама көмектесемін

Грамматикалық тақырыбы: Құрмалас сөйлем түрлері.

Салалас сөйлем. Өзгелік, өздік етістер


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру

Лексикалық тақырып

Грамматикалық тақырып

Бекіту.

Жақан Смақовтың өлеңімен

жұмыс.

Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Тіл дамыту

Диалогпен жұмыс

Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

Диалогпен жұмыс

Жаттығуларды орындау

45 минут

Қорытынды

4-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут


Кіріспе бөлімі Күні: 30.09.15ж.

17-17-сабақ Ана

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Берілген мәліметтермен танысып, есте сақтау.

Салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдерінің жасалу жолы

Жай сөйлемдері жалғаулық шылау арқылы байланысады.



Жай сөйлемдері жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысады.



Кемінде екі жай сөйлемнен өзара тең дәрежеде байланысатын, баяндауыштары тиянақты болатын құрмаластың түрі салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Салалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді. Құрамындағы жай сөйлемдерінің жасалу жолы: • Жай сөйлемдері жалғаулық шылау арқылы байланысады.

Жай сөйлемдері жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысады.



Жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне мағыналас бағынатын салаластың түрі ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне қарсы мәнде қолданылатын түрі қарсылықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіретін түрі себеп-салдар салалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлемдерінде іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдірсе, бұл түрі кезектес салалас құрмалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатын салаластың түрі талғаулы салалас құрмалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісін түсіндіріп тұратын жалғаулықсыз байланысқа түсетін салалас түрі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет