Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жоспарлау, әзірлеу және қолдану



бет29/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
3.14 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жоспарлау, әзірлеу және қолдану

3.14.1 Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлаудың жалпы талаптары

3.14.1.1 Кәсіпорындағы еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлаудың мақсаты – алдағы кезеңге еңбекті қорғауды басқару жүйесінің әртүрлі деңгейлері үшін оларды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу, олар:

а) еңбек жағдайларының заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін;

б) кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негізгі элементтерін;

в) еңбекті қорғау жөніндегі қызметті үздіксіз жетілдіруді қамтиды.

3.14.1.2 Жоспарлау тиісті нормативтік талаптардың орындалуына кепілдік беретін жабдықтарды техникалық күтіп-ұстауды, пайдалану мен жөндеуді қоса алғанда, мынадай:

а) еңбекті қорғау саласындағы тұжырымдамалардан, мақсаттар мен міндеттерден ауытқуларды болдырмауға бағытталған рәсімдерді белгілеу және қамтамасыз ету;

б) кәсіпорын алатын және пайдаланатын жабдықпен жұмыс істеуге, пайдаланылатын шикізатқа, құрамдас бөлшектеріне, қызметтерге байланысты қауіп-қатерлерді анықтау (сәйкестендіру) және тәуекелдерді бағалау әдістерін айқындап, олардың пайдаланылуын қамтамасыз ету, жеткізушілер мен мердігерлерді тиісті талаптар туралы ақпараттандыру;

в) тәуекелді болдырмауды немесе оны тікелей болған жерінде бәсеңдетуді қамтамасыз ете отырып, эргономика талаптарын ескеріп, жұмыс орындарын, өндірістік процестерді, жарақтандыруды жобалау әдістерін, жабдықтарды әзірлеу және пайдалану жолдарымен анықталған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге байланысты қызмет процестері мен түрлерін қамтуға, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы оның тұжырымдамалары мен мақсаттарына сәйкес келуі тиіс.

3.14.3 Жоспарлау сондай-ақ заңдар мен мемлекеттік талаптардың өзгерістеріне сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттарын үнемі түзету жөнінде шаралар әзірлеуді көздейді.

3.14.4 Жоспарлау еңбек жағдайлары туралы ақпаратты (қандай да бір өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижесі туралы) оларды талдайтын, тиісті шараларды әзірлейтін, басқа бөлімшелермен келісетін және кәсіпорын басшылығына бекітуге ұсынатын тиісті бөлімшелерге дейін жеткізгеннен кейін басталады.

3.14.5 Іс-шараларды әзірлеу ақпаратты талдаудың негізінде жүргізіледі және әдетте мыналарды көздейді:

а) тәуекелдерді, жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту жөніндегі іс-қимылдарды;

б) болуы ықтимал сәйкессіздік себептеріне және олардың пайда болуына жол бермеуге арналған алдын алу шараларын;

в) жіберілген сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған түзетулерді;

г) олардың қайталануын болдырмау мақсатында жол берілген сәйкессіздік себептерін жоюды көздейтін алдын алу іс-әрекеттерін.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі принциптеріне сәйкес алдын алу (профилактикалық) іс-шаралары материалдық базаны жақсартуға, персоналды белсенді қатыстыруға және басқаруды жетілдіруге бағытталуы мүмкін.

3.14.6 Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды жоспарлау жөніндегі іс-шаралар еңбекті қорғауды басқару жүйесінің барлық элементтерін әзірлеуді, дамыту мен олардың жұмыс істеуін қамтуға тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет