Мағынаны тану
3 минут
2 минут
15 минут
|
Сот төрелігінің қағидаттары дегенді қалай түсінесіздер?деген сұрақты қоя отырып талқылау жүргізу.
Сот төрелігінің қағидаттары – мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқындайтын, жалпы, басшылыққа алынатын, негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізгі болып табылады.
Сот төрелігі қағидаттарының мағынасы:
– сот төрелігінің негізгі қырларын айқындайды, сондықтан, барлық сот төрелігі туралы нормалар оларға сай келуге тиіс;
– нақты нормаларға қарағанда тұрақты және өзгерістерге көп ұшырамайды, сондықтан, олар сот төрелігі саласындағы тұрақтылық пен сабақтастықты айқындайды;
– нақты құқықтық актінің мақсаттары мен нағыз бағыттары туралы ақпаратты қамтитындықтан, сот төрелігі туралы басқа да нормаларды дұрыс түсіндіру үшін зор маңызға ие.
ҚР Коституциясының VІІ бөлімі «Соттар және Сот төрелігі» деп аталады. Сот төрелігінің қағидаттары 77-баптың 3-ші тармақшасында көрсетілген.
М. Сот төрелігініңқағидаттарының екеуіне (1 және 7) мысал келтіре отырып, оқушылармен талдайды.
Мысалдар:
1-жағдаят. Кеше Алматы қаласында Ж деген мемлекеттік қызметкер 130 000 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды .Оқиға орнына болған БАҚ журналистері отандық телеарналарда азамат Ж-ны пара алушы қылмыскер ретінде жаңалықтарда көрсетті. Келесі күні Ж деген азамат БАҚ журналистерінне арыз жазып, сотқа шағымданды. Неге?
2- жағдаят. Алматылық полицейлер тұрақты түрде пәтер тонаумен айналысатын ұрыларды қолға түсірді.Алматыдағы Әуезов ауданында үйлер мен пәтерлерді тонайтындардың ісі бақылауға алынды. Барлық тонау ісі бір біріне ұқсас болды.Күдіктілердің бірі Д есімді азаматтың жұбайы Р атты азаматша тергеу орындарына шақырылды, алайда, Р деген азаматша жұбайы жайында айғақ беруден бас тартты. Неліктен?
Ж/Тжұмыс.Мәтіндегі сот төрелігінің қағидаттарымен танысып, сол қағидаттарға байланысты жұпта немесе топта жағдаяттар құруға тапсырма беріледі.
Дескриптор:ҚР Коституциясының VІІ бөлімі 77-баптың 3-ші тармақшасын пайдалана отырып .1 жағдайят құрастырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |