Сабақ тақырыбы Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы


Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі



бет80/220
Дата11.05.2022
өлшемі6,23 Mb.
#142695
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   220
Байланысты:
10 сынып Құқық негіздері ҚМЖ 10 сынып ҚГБ

Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
14 қараша 2014
2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қолданысқа енеді, оның құрылымы бұрыңғыдай, кодекс Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады, 467 бап көзделген (қолданыстағы ҚК-те 393 бап), бұл 74 бапқа артық.
Жаңа кодекстің жалпы бөлімі бұрыңғыдай, ҚК 7 бөлімнен және 98 баптан тұрады (қолданыстағыда 95 бап), онда қылмыстық жазаның жаңа түрлері және қылмыстық жауапкершіліктен босату негіздері көзделген.
Ерекше бөлімде 18 тарау бар (қолданыстағыда 17 тарау 2014 жылғы 23 сәуірде енгізілген 7-1 тарау экономикалық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды ескергенде), жаңа тарау «медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» енгізілді.
Жаңа Қылмыстық кодексте, ірі, аса ірі зиян және мөлшер түсініктерінен басқа, елеулі зиянның болмашы мөлшері және жекелеген баптарға қолданылатын мөлшер түсініктері, денсаулыққа ауыр зиян, елеулі зиян,ауыр салдар түрлері, қызмет бабын пайдаланып жасалған қылмыс субъектілірінің түрлері түсіндірілген, сыбайлас жемқорлық қылмыс түрлері келтірілген, оларға 21 қылмыс құрамы, 15 құрамнан тұратын террористік қылмыстар және 12 құрамнан тұратын экстремисттік қылмыстар, қылмыстық топтардың 10 түрі жатқызылған. Барлығы 41 түсінік келтірілген.
Жаңа қылмыстық кодекспен ҚК-тің 187 бабымен көзделген жаңа құқық бұзушылық құрамы – теріс қылыққа қатысты болмашы мөлшер түсінігі енгізілді: ұсақ-түйек жымқыру, ол үшін қылмыстық кодекспен ұйымға тиесілі мүлікті жымқырумен 10 айлық есептік көрсеткіштен асатын және жеке тұлғаға 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын зиян келтірілген жағдайда жауапкершілік көзделген.
Қылмыстық кодекстің басты жаңалықтардың бірі, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің екі буынды жүйесін енгізу болып табылады, ол: қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы түсінігімен біріккен қылмыстан және қылмыстық теріс қылықтан тұрады, оларға жаңа ҚК-тің 4 бабындаанықтама берілген, оған сәйкесқылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни ҚК-те көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады.
Теріс қылықтарды жеке қылмыстық жазалатын әрекет етіп бөлу, қылмыстық кодекске жаңа құқық бұзушылықтар құрамын, сондай-ақ жаза тағайындау мәселелері енгізуге ықпал етті.
Қоғамдық қауіп қылмыстарға да, теріс қылықтарға да тән. Алайда оны қолдану деңгейі құқық бұзушылықтардың әр алуан түрлеріне біркелкі емес.
Жаңа қылмыстық кодекс бойынша қылмыстық теріс қылық санаттарын қалыптастыру негізін әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарағанда үлкен қоғамдық қауіп төндіретін және қылмыстық қылмыстарға қарағанда аз қоғамдық қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар құрайды.
Қылмыстық теріс қылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың «түйісуінде».
Жаңа ҚК-тің 10 бабына сәйкес, қылмыстық теріс қылық санаттарын қалыптастыру базасын қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не осындай зиян келтіру қатерін туғызған әрекеттер құрайды.
Қылмыстық теріс қылықтар үшін қылмыстық-құқықтық ықпал шаралары көзделген, олар әкімшілікпен салыстырғанда қаталдау және қылмыстықпен салыстырғанда жеңілірек, қылмыстық жаза мен әкімшілік жаза түрлері арасындағы орта болып табылады.
ҚК-тің 40 бабында жаза түрлері теріс қылық үшін және қылмыс үшін тағайындалатын жазаларға қатаң бөлінген. 
Теріс қылық жасаған үшін жазаның 4 негізгі түрлері көзделген: айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту және қамау.
Қоғамдық жұмыстарға тарту және қамау теріс қылық жасағаны үшін ғана тағайындалады.
Қылмыс жасаған үшін жазаның 5 негізгі түрлері көзделген:айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру және өлiм жазасы.
Осылайша, теріс қылық жасаған үшін бас бостандығынан айырудан басқа жазаның басқа да түрлері: бас бостандығынан айыру және өлiм жазасыда тағайындалады. Одан басқа, жазаның кейбір түрлері теріс қылық жасаған үшін де, қылмыс жасаған үшін де тағайындалады. Оларға айыппұл және түзеу жұмыстары жатады.
Заңнамамен бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын әрекетерді жасау қылмыстарға жатады.
Қылмыстардың қайталануын анықтауға өзгерістер енгізілді. Енді 3 түрдің орнына, ҚК-тің 14 бабы қылмыстардың қайталануының 2 түрін көздейді: қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың қауіпті қайталануы. Қылмыстардың қарапайым қайталануы алынып тасталды, ол сотпен қасақана қылмыстар жасаған үшін соттылығы бар және қасақана қылмысты қайта жасағанадамдардың әрекеттерінде танылды.
Қылмыстардың қайталануының барлық түрлеріне жаза тағайындау мерзімдері мен мөлшері туралықолданыстағы ҚК-тің 59 бабының 2,3 бөліктерінің ережелері жаңа кодексте алынып тасталды.
Қолданыстағы кодекстің 10 бабындағы қылмыс санаттары жаңа кодекстің 11 бабында тізбеленген. Қылмыс санаттары бұрыңғыдай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар болып қалған.
Террористік қылмысқа дайындалғаны және оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық қылмыс санатына тәуелсіз белгіленген (ҚК-тің 24 бабының 4 бөлігі). Теріс қылыққа дайындалғаны және оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің көзделмегенін атап өту қажет.
ҚК-тің 31 бабында қылмысжасауға қатысудың барлық түрлері келтірілген: қарапайым топ,алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы. Басқа түрлері қылмыстық топ түсінігіне біріктірілген, оларға топтардың 10 түрі жатқызылды: ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым. Бұл баптағы жаңалықтеррористік топ, экстремистік топ, банда немесе әскерилендірілген құралым сияқты қылмыстық топтардың түрлерін енгізу болып табылады. Көрсетілген түсініктер сөздікте түсіндірілген.
ҚК-тің 366, 367, 368 баптарында көзделген (пара алу, пара беру жәнепарақорлыққа делдал болу) қылмыстарды жасағаны үшін айыппұл түрінде жаза бөлек көрсетілген, онда айыппұл саомасы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне емес, пара сомасына еселі мөлшерде белгіленген пара мен айыппұл сомасына тәуелді.
Қолданыстағы қылмыстық кодексте айыппұл мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 25-тен 20 000-ға дейінгі мөлшері белгіленеді.
Жаңа кодексте түзеу жұмыстарын тағайындау да өзгеріске ұшырады.
Қолданыстағы қылмыстық кодекске қарағанда, оған сәйкес түзеу жұмыстары 2 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге белгіленіп, сотталғанның жұмыс орны бойынша мемлекет табысына жалақысының 5-тен 20-ға дейін пайызын шегерумен ұсталады, жаңа кодексте сотталғанның негізгі жұмыс орны бойынша жалақысынан ай сайын мемлекет табысына жалақының 20-дан 40-қа дейінгі пайызы ұсталады. Бұл ретте, теріс қылықтар үшін түзеу жұмыстары 25-тен 500-ге дейінгіАЕК, қылмыстар үшін 500-ден 10 000-ға дейінгі АЕК көзделеді.
Айыппұл және түзеу жұмыстары түріндегі жазаларды орындауды қамтамасыз ету үшін заң шығарушы жазаны ауыр түріне ауыстыру тетігін көздеген.
Осылай, теріс қылық жасағаны үшін айыппұлды төлемеген кезде, айыппұл қоғамдық жұмыстарға немесе қамауға ауыстырылады.
Қылмыс жасағаны үшін айыппұлды төлеуден жалтарған кезде айыппұл бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Қылмыс жасағаны үшін түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындамағаны үшін орындалмаған бөлігі бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
Жазаның негізгі түрі – қамауды енгізу қылмыстық кодекске теріс қылықты енгізумен байланысты. Қамау мерзімі 30 тәуліктен 90 тәулікке дейін белгіленеді. Қамау теріс қылық жасағаны үшін тағайындалатын жазаның ең қатаң түрі болып табылады және 2017 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Қолданыстағы ҚК-тің 44 бабымен көзделген әскери қызмет бойынша шектеу және абақтыда ұстау сияқты жазалар (ҚК-тің 46 бабы)жаңа қылмыстық заңда жаза түрлерінен алынып тасталды.
Бас бостандығынан айыру 6 айдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына тағайындалады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша бас бостандығынан айырудың ең көп мерзімі 25 жылды, үкімдердің жиынтығы бойынша – 30 жылды құрайды.
Жаңа қылмыстық кодексте 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, 63 жастағы және одан үлкен жастағы әйелдер мен ерлергеөмір бойына бас бостандығынан айыруды және өлім жазасын тағайындау шек қойылған. Қолданыстағы қылмыстық кодексте өмір бойына бас бостандығынан айыру және өлім жазасы әйелдерге жасына тәуелсіз, ал ерлерге 65 жасқа толғандарға тағайындалмады.
5-ші Басқарма прокуроры Абылай Ыбраев





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет