Топтарға тапсырма. «Бес неліктен» – бұл белгілі бір мәселенің негізінде жатқан себеп-салдарлы байланыстарды анықтауға арналған тәсіл. Тәсілдің негізгі міндеті «Неліктен?» сұрағын қайта қою арқылы мәселенің пайда болуының алғашқы себебін іздеу болып табылады.
Мысалы:
Неліктен сүйіспеншілік танытуда батылдық қажет?
Көптеген адамдар сүйіспеншілік танытудан қорқады.
Неліктен адамдар сүйіспеншілік білдіруден қорқады?
Жауапсыз қалудан қорқады.
Неліктен адамдар жауапсыз қалудан қорқады?
Адамдардың сүйіспеншілігі бір кездері жауапсыз қалып, қазір жүректері жабылып, сүйіспеншіліктері тұншығып қалған.
Неліктен сүйіспеншілік адамда тұншығып қалған?
Бойыңдағы сүйіспеншілік таныту, қуаныш сыйлау қабілетін ашу үшін үлкен күш керек. Жақсылық жасау үшін қиындықтарды жеңе білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |