Сабақ тақырыбы: «Сүйіспеншілік өмір негізі»



бет1/4
Дата18.08.2020
өлшемі19,14 Kb.
#76296
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
сүйіспеншілік - өмір негізі 10 - 11 сынып


Сабақ тақырыбы: «Сүйіспеншілік – өмір негізі».

Құндылық: Сүйіспеншілік

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;

- шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;

- өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу;

Жабдықтаулар мен материалдар:

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның суреті, бейнероликтер, презентациялар, оқушылардың өзін-өзі тану декадасы күндерінде орындаған шығармашыдық жұмыстарыныңкөрмесі, шығармашылық жұмыстарға арналған дайындамасы;



  1. Жағымды күйге келу.

Оқушылар шеңбер бойынша тұрады.

«Сүйіспеншілік» сөзімен байланысатын сын есімді білдіретін сөз тіркестерін атаңыздар.

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

1 – топ: «Қайырымдылық»

2 – топ: «Сүйіспеншілік»

3 – топ: «Жақсылық»

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш  жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.


«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

  1. Дәйексөзбен жұмыс.

«Сүйіспеншілік танытуда, жақсылық жасауда батыл болыңдар! Қиындықтарға қарамастан, бейсаналы «қаламаймын» және «қолымнан келмейді» деген кертартпаларға қарамастан өз бойларыңдағы жасампаз Сүйіспеншілікті жарыққа шығаруға тырысыңдар». С.А.Назарбаева



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет