Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет67/95
Дата16.02.2023
өлшемі354,7 Kb.
#168881
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Байланысты:
matematika-sabaynda-oldanylatyn-ds-tslder-men-psihologiyaly-treningter

255. «Прогресс білдіру»
Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.

  • Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;

  • Оқу журналын пайдаланыңыз;

  • Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;

  • Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;

  • Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.

256. «Психологиялық бой»
Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.


257. «Пікір алмасу» (Showdown)
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен
стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны
258. «Пікірлер базары»
Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.


259. «Радиоға қоңырау шалу»
Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта-қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет