Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
|
Ой толғаныс
|
1. Қай сөзге жұрнақ жалғанған?
А)кітаптар Ә)кітабымен Б)кітапхана В)кітаптың
2. Атау септігінде тұрған сөзді көрсет.
А) дәптерде Ә)дәптер Б)дәптерді В)дәптердің
3. Біріккен сөзді тап.
А)ел-жұрт Ә)ана тілі Б)Астана В)Екібастұз
4.Қайталама қос сөз қайсы?
А)үлкен кісі Ә)айта-айта Б)дос-жаран В)қап-қара
5.Күрделі сан есімді тап.
А) тоқсан Ә)бес жүз елу Б)миллион В)сегіз
6. Тәуелдеулі сөзді белгіле.
А) кітабың Ә) кітапты Б)кітапқа В)кітаптың
7. Ілік септіктегі сөзді тап.
А)әжеге Ә)әжені Б)әжемен В)әженің
8. ІІІ жақта жіктелген сөз қайсы?
А)әдептімін Ә)әдепті Б)әдептісің В)әдептісіз
9.Тасымалдауға болмайтын сөзді белгіле.
А)әке Ә)ертең Б) аңшы В)сары
10. Негізгі зат есімді тап.
А)биші Ә) дәрігер Б)күй В)кітапхана
11. Сын есімді тап.
А)он бес Ә)оқушы Б) көркем В)кетті
12. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз тобы.
А) сан есім Ә)зат есім Б) сын есім В)етістік
13. Құрмалас сөйлемді анықта.
А)Мен мектепке бардым. Ә)Аспанды бұлт басып, қар жауды. Б)Сабақ басталды. В)Жаңбыр жауды.
14.Табыс септігінің сұрағын тап.
А)кімді? нені? Ә)кім? не? Б)кіммен? немен? В)кімде? неде? қайда?
15. Қарсы мәндес сөзді тап.
А)ержүрек, батыр Ә)үлкен-кіші Б)жылы үй В)тап-таза
|
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |