Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем Сілтеме



бет53/102
Дата06.02.2022
өлшемі4,78 Mb.
#36252
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102
Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып,олармен сөйлем құра.
Еңбек - Еңбекпен
Су - Сумен
Ораз - Оразбен
Кітап - Кітаппен
Семантикалық карта

Сөздер


Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

Бөлмеде, оқушылардың,ағаш

Ағаш

Оқушылардың





Бөлмеде







Суретшінің, құмда, Әсемді


Суреттің


Әсемді

құмда



Шеңберді,мектепке,кітап,

кітап


мектепке

шеңберді










Оқушы,
ағаштың,саңырауқұлақтан,

оқушы

ағаштың










саңырау
құлақтан


Ауылға, Айданада,
Сәулемен







Ауылға


Айданада


Сәулемен





Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу



Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.



Ой толғаныс



Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып , сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.(Ы.А.). 2. Хат Астанадан келіпті. 3. Асыл Жанармен сөйлесті. 4. Қойдың жүні пайдалы.Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады



Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.





Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Білімділік: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту. Дамытушылық: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, перфокарта
Қажетті құралдар: мультимедиа, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, скт




Жалпы мақсаттар




Оқыту нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау



Дәптерлерін тексеру




Қызығушылықты ояту

Ертегі:
«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?»- деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?»- дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Осы әңгімені оқып, ішінен қарамен жазылған сөздерге назар аударамыз.
Септік
Атау--------кім? Не?Ілік --------- кімнің? ненің?
Барыс ------ кімге? неге?Табыс ------ кімді? нені?
Жатыс ------ кімде? неде?Шығыс ----- кімнен? неден?
Көмектес -- кіммен? немен?
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.




Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып апЖүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.




Ой толғаныс



Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.Қазақ тілінде 7 септік түрі бар:
Зат есім көптік, тәуелдік жалғауда тұрып та септеле береді.
Көптік жалғаулы зат есімнің септелуі оның жекеше түрде септелуімен бірдей.
Септік---- Жекеше ------------Көптік жалғаулы
А------------Ыдыс -------------- Ыдыстар
І------------ Ыдыстың --------- Ыдыстардың
Б----------- Ыдысқа ----------- Ыдыстарға
Т ----------- Ыдысты ---------- Ыдыстарды
Ж ---------- Ыдыста ----------- Ыдыстарда
Ш ---------- Ыдыстан -----------Ыдыстардан
К ----------- Ыдыспен --------- -Ыдыстармен
Тәуелденген зат есімнің септелуі
Септік--Жай септеу ----Тәуелді септеу
-----------------------------І жақ----------------ІІ жақ------------ІІІ жақ
А --------- Кітап ----------Кітабым ------------Кітабың ----------Кітабы
І ---------- Кітаптың---- --Кітабымның -------Кітабыңның -----Кітабының
Б --------- Кітапқа --------Кітабыма ---------Кітабыңа ---------Кітабына
Т --------- Кітапты -------Кітабымды --------Кітабыңды -------Кітабын
Ж ---------Кітапта --------Кітабымда---------Кітабыңда--------Кітабында
Ш –-------Кітаптан -------Кітабымнан -------Кітабыңнан ------Кітабынан
К ---------Кітаппен ------Кітабыммен -------Кітабыңмен ------Кітабымен
Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары
Атау - кім? не?
Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е -на, -не
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Жатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Шығыс - кімнен? неден? қайдан? қашаннан? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес - кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен
Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру)
1 «Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с.В) І.с.С) Б. с.Д) Ж. с.
2.Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) ОқушыВ) ОқушығаС) оқушыныңД) оқушыға
3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге?неге?қайда?В) кімдерге?кімді?нені?
С) кімге? кімді? нені? Д) кіммен? немен?
4.Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны, -ні, -қы, -кі, -ғы, -гі
В) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
С) -ны, -ні, -шы, -ші, -ды, -ді
Д) –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде В) далағаС) мектеппенД) мектептен
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа В) СабақтыС) СабақтанД) Сабақпен
7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде?В)кімге ? неге ?С) кімнен?неден?Д) кіммен? немен ?




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Тексерілді: 01

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет