Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет60/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қ. Аманжолов. Көктем

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділігі: Оқушылардың Қасым Аманжолов туралы түсінігін кеңейту.
«Көктем» өлеңінің мазмұнын ашу.
2. Тәрбиелігі: Оқушыларды табиғатты сүюге, оның байлығын қорғай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру: дүниетанымын кеңейту, қиялын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ой жинақтау, түсіндіру, СТО
Көрнекілігі: Портрет, суреттер, мультимедия.

Психологиялық ахуал

I. Ұйымдастыру бөлімі:
Сыныпты топқа бөліп отырғызу
Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасы:


«Тұңғыш ғарышкер» туралы әңгімеле.
б) Егеменді еліміздің ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы әңгімеле.

III. Жаңа сабақ.


«Көктем» Қ. Аманжолов.
1.... Жылы - жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл – қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды жер кепті.
- Өлең жолдарында қандай жыл мезгілі суреттелген? Авторы кім?
- Әрине І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңі. Көктем мезгілін суреттеген.
- Ендеше ақын Қасым Аманжолов «Көктем»өлеңінде қалай жырлаған екен?
2. Тұлғаны таны.
Қасыммын сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламайтын құр басымның
Тымырсық түнек болсын - дұшпаныңмын,
Ақ көңіл болсаң сырласыңмын...- деп, өзі туралы өлеңмен айтып, өзіне - өзі мінездеме берген ақын.
Қазақтың көрнекі ақыны
1911 - 19540 жылдары ән салуды, домбыра, өмір сүрген скрипкада, күйсандықта Қасым Аманжолов ойнауды жақсы меңгерген
Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қарқаралы топырағында дүниеге келген
3.«Көктем»Қ. Аманжолов өлеңімен танысу.
1) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы:
2) Өлең мазмұны ашылып, көктемгі табиғат, адам еңбегі туралы айтылады.
4. Оқулықпен жұмыс.
1) Топтық тапсырмалар;
1 - топ - Өлеңді мәнерлеп оқуы;
2 - топ - Өлең шумағының мазмұнын ашу
5. Дәптермен жұмыс.
1. Өлеңнің шумағын талдау.
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Өлең 4 тармақтан, 7 шумақтан, 3 бунақты, кезекті ұйқаспен жазылған.
6. Білгенге маржан.(топтық тапсырма)
Сұрақтарға жауап алу.
Көктемді Абай тілмен суретте.
І. Жансүгіров өлеңінен жайлауға көшкен ауыл көрінісін әңгімеле.
«Көктем сәні» ертегісінде аңдар көктем сәнін қандай сөздермен сипаттайды?
7. Бейнелеп, ойлан! (топтық тапсырма)
2 топқа 1 ақ бет, бояулар беріледі. Өлеңнің 6, 7, 8 шумақтарын оқи отырып, бейнелеу. Сурет бойынша әңгімелеу.
8. Шығармашылық жұмыс.
I - топ Жыл мезгіліне байланысты1 шумақ өлең жазу
II - топ «Көктем» тақырыбына эссе жазу
9. Қортындылау.
«Талап қылдық артық білуге»
1. Қандай өлеңмен таныстық?
2. Өлең авторы кім?
3. Өлең не туралы айтылған?

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы. Алтынсарин. Өзен

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой – өрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат – ананы қорғап, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: СТО, сұрақ – жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: электронды оқулық, өзен, көлдің суреттері, карта, сызбалар, интербелсенді тақта.

Психологиялық ахуал

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе – мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
Міне, осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткен тарауды қайталауға арналған тапсырмаларды орындай отырып, сөзжұмбақты шешу.


• Абай атамыздың «Жан – жануар, адамзат анталаса, ата – анадай елжіреп күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі суреттелген?
• «Көктем сәні – жасыл желек» деген қай жануардың сөзі?
• «Жаңбыр» өлеңінің авторы кім?
• Ит «Көктем сәні» неде деді?
• Олжас Сүлейменовтың өлеңінде кімдер жайлы айтылған?
• «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» - деген жолдарда қандай мейрам туралы айтылған?
• Көктемгі тіршілікте малдар қайтеді?
• Осы сұрақтарға жауап берсек, бүгінгі тараудың тақырыбы ашылады.
Т
А
Б
И
Ғ
А
Т
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгін біз «Табиғат – менің өз үйім» атты бөлімді бастаймыз.
(Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау)
Сыныптағы оқушыларды ІІІ топқа «Әдебиетшілер», «Географтар», «Экологтар» деп бөліп алу.
1. «Әдебиетшілер», «Өзен» өлеңінің авторы жайлы не айтар едіңіздер?
Топтастыру стратегиясы
2. Енді өзен туралы географиялық саласы бойынша «Географтар» түсіндіріп береді.
1 - оқушы: Өзеннің анықтамасы мен бөліктерін (бастауы, саласы, сағасы) таныстырады.
Электронды оқулықтан «Өзен» бейнесін талдау.
2 – оқушы: Қазақстанның өзендерін картадан көрсетеді.
3. Енді сөз кезегін «Экологтарға» берейін.
1 – оқушы: өзеннің пайдасы туралы айтып береді.
2 – оқушы: өзенді қорғау туралы айтады.
V. Оқулықпен жұмыс.
1. Іштей оқыту.
2. Сөздік жұмысы (дәптермен жұмыс)
3. Өлеңді шумақтарға бөліп оқыту, талдау, идеясын ашу.
4. Оқушыларға мәнерлеп оқыту (күй ырғағымен)
Сергіту сәті.
Судан неге сасасың?
Судан неге қашасың?
Сергітетін денеңді,
Сап – салқын су жасасын!
Шығармашылық тапсырма
(Дәптермен жұмыс)
1 – топ. Қазақстандағы өзендердің аттарын жаз.
2 – топ. Табиғат туралы мақал – мәтелдер жаз.
3 – топ. Суға байланысты тыйым сөздер жазу.
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Балық аулау» ойыны арқылы бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін тиянақтау, сұрақтарға жауап беру.
• «Өзен» өлеңінің авторы кім?
• «Қынарда» сөзінің мағынасы.
• Таулардан сарқырап не ағады?
• Өзен су күшінен не өндіріледі?

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж. Аймауытов. Торғай

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік. 
Торғай, жылан туралы білімдерін кеңейту. Мәнерлеп оқуға машықтандыру. Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап беруге үйрету. Әңгіме құрай білуге төселдіру. 
2. Дамытушылық. 
Оқушылардың сын тұрғысынанойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын ірікпей айтып, дәлелді сөйлеп, дискуссия жүргізе білуге үйрету. Топта жұмыс істеу. 
3. Тәрбиелік. 
Жауыздықтан жирендіру, әлсіздерге, жәбір көрушілерге арашашы болуға, әрқашан да әділ болуға тәрбиелеу. Байқампаз, батыл болуға шақыру. Тірі табиғатқа қамқоршы болуға үндеу. 
Көрнекілігі: суреттер, сөздер жазылған қима қағаздар, мақал жазылған формат, оқушылардың салған суреттері. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру. 
Сабақтың түрі: Өз бетінше жұмыс істеу. 
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы 

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I Қызығушылықты ояту: 
Сабақты жақсы тілектерден бастайды Аспанымыз ашық болсын! т.б. 
II Оқушыларды үш орталыққа бөліп отырғызамын. 
1) Оқу-жазу орталығы 
2) Дүниетану орталығы 
3) Өнер орталығы 
Ой қозғау. Жауыздық деген не? (қылмыс, ұрлық, төбелес, соғыс т.б. 
Тапсырма 1) Оқу-жазу орталығына сөздерден сөйлем құрау. 
Жылан, торғай, шөпте, сұр, жатыр, шырылдап, ұшып. 
Тапсырма: 2) Дүниетану орталығы 
Ассоциациялау 
Торғай сөзін естігенде ойларыңа не келеді? 
Мысалы: Торғай - қоқыс, аспан, үй... 
Тапсырма 3 Өнер орталығы 
«Торғай», «жылан», «ағаш», «шөп» байланыстырып сурет салу 
III Оқулықпен жұмыс 
Кіріспе: авторды таныстыру 
а) Мәтінді мұғалім оқып шығады. 
ә) Сұрақтарға жауап алу. 
б) Мәтінді кезекпен оқушыларға оқыту. 
в) Өздерінің құраған әңгімесімен салыстыру. 
IV Ой толғаныс. Баланың жыланды өлтіргені дұрыс па? Дискуссиялық карта 
№ Ия Жоқ 



Үш орталыққа да таратылады. Оқушылар өздері толтырады. Оқушылар өз шешімін айтады, дәлілдейді. 
V Бекіту. Білетін өлең, мақалдарын айтқызу 
VI Қорытынды 
«Жақсылыққа жақсылық 
Әр адамның ісі 
Жамандыққа жақсылық 
Ер адамның ісі» мақалды талдау. 
VII Бағалау 
VIII Үйге: Әңгіменің аяғын өзгерту. 
Сабақ аяқталды. 
Торғай, торғай, торғайсың, 
Таяу келіп қонғайсың. 
Жем шашайын тойып ал, 
Сонда аязға тонбайсың. 
Жылы-жылы сөйлесең, 
Жылан інінен шығады. 
Жыланды өлтіргеннің сауабы бар. 

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет