Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет12/98
Дата01.04.2017
өлшемі8,96 Mb.
#12984
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы Алтынсарин Қарабатыр

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік:Ыбырай шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына, өлеңдеріне ашу.

Дамытушылық:Оқушылардың шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін ояту.

Сабақтың түрі :Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдіс –тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Ақын ағартушы педагог

Жазушы оқулық авторы


Ғұлыма шағын әңгіме шебері


1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.


2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
Жылдар Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1879-1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.

2. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

3. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

4. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Оқулықтағы «Қарабатыр» ертегісі бойынша талдау жұмысын жүргізу

Сұрақтарға жауап беру




Ой толғаныс

Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен
2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» Ы.Алтынсарин.

3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»

Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»



Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)

Үйге тапсырма

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А Сейдімбек Әйел-Ана

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1)Әйел-Ананыңтапқырлығы, батырлығыжөнінде мағлұматберу;

2) Тілдік қорларынбайытаотырып, ойлау, естесақтау  қабілетін дамыту;

3) Оқушылардыадщамгершілікке, инабаттылыққа, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап, топтықжұмыс


Психологиялық ахуал

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1) «Қарабатыр» ертегісі бойынша түсінгендерін айту.

2) Шығармашылық жұмыстарын тексеру

-Ертегі бойынша құраған өлеңдерін тексеру

-Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру;



Мағынаны тану

1) А.Сейдімбек туралы топтастыру арқылы мағлұмат беру

2)А. Сейдімбектің «Әйел-Ана» әңгімесін сатылай кешенді талдау  әдісі бойынша   түсіндіру

Әйел-Ана

Күншуақ елі

 Қапыда шапқан жау

Жау әміршісінің жарлығы

 Тұтқындардың шешімі

Ақ шашты ананың ақылы

Жау әміршісінің алдануы

Қасиетті сөз



ІУ.Оқулықпен жұмыс

1)Мәтінді іштей оқыту

2) Мәтінді дауыстап оқыту

3) Мәтін мазмұнымен жұмыс

-Елшінің айтқан сөзін тауып, нақышына тауып келтіріп оқу

-Ертегіден Әйел-Ананың сөзін тауып оқу

У.Дәптермен  жұмыс

1)Ертегідегі тауға, далаға, орманға, көлге қатысты сипаттау сөздерді тауып, мына үлгі бойынша жазу:

….  …..   таулары

….. …… далалары

….. …… орманы

….. …. өзен-көлдері



Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс

1)Бес жол өлең құрастыру



І-топ: Күншуақ елі

ІІ-топ: Ана туралы

«Ана» туралы өлең айту

УІІІ.Поэзия минуты

1)«Ана» туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп айту

2) «Ана» сөзін топтастыру

ІХ. Сабақты бекіту

«Құрақ құрау» ойыны

Шарты:

-Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап бере отырып, құрақ құралады.



-Сурет бойынша сабақ қорытындыланады

1)Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады

2)Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық           жасады?

3) Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?



4) Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет