Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет8/98
Дата01.04.2017
өлшемі8,96 Mb.
#12984
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Әл-Фараби туралы аңыз. Өнерлі жігіт.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттың
сынын білдіретін сөздерді анықтай білуге
сауаттылықтарын арттыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру.
3. Тәрбиелігі: Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Әбу –Насыр Әл-Фараби портреті, слайд.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Өнерлі жігіт
Ел аузынан
Бұрынғы заманда жазу сызу болмағандықтан әңгіме ел арасында ауыздан ауызға жетіп отырған. Ел аузынан алынғандықтан оның авторы болмайды.
Әңгімедегі Фараби туралы қысқаша мәлімет беру. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу – Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған Аристотельдің «Метафизикасын», «Қырық жан туралы», еңбегін жүз рет,ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.Әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Логика» сияқты тағы басқа трактаттар жазған. Әбу-Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс болған.
2. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
3 Шығармадағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз. Бұл тақырып мәтінге
сай алынған.
4 Автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл шығармадағы негізгі ой-жігіттің тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетуі. Фарабидің қамқорлық жасауы. Кейін сол баланың үлкен ғалым болуы.

Мағынаны тану

Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл,философсоциологматематикфизикастрономботаниклингвистлогикамузыка зерттеушісі.


 Жатқа жазу.
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.

Ой толғаныс

1) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
2) Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
3) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
4) Фараби қандай еңбектер жазған?
5) Сенің қандай өнерің бар?

Үйге тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Әл-Фараби туралы мәлімет жинақтап келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қорқыт ата туралы аңыз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыларға қобызға арналған күйлер, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру.
Қобыз аспабын таныстыру. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру. Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.
Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Туған жердің табиғатын сүюге, жан - жануарларға қамқор болуға баулу.
Көрнекілік Қобыз, домбыра аспаптары, слайд көрсету, үнтаспа, қорқыттың суреті, қобыз аспабы
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, тірек сызба, музыка тыңдау.

Психологиялық ахуал

Үлкендерге сіз
Кішілерге біз
Әдеппенен бас иіп
Сәлем бердік біз

Қорқыттың күйін тыңдату



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан.

Мағынаны тану

«Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы - қыпшақ қызы. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.
Қорқыт туралы аңыз көп
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.
Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді.
Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі құлақ түре тыңдапты.

Қобыздың түрлері: қыл қобыз, прима қобыз.(слайд)

Ермексаздан «Қобыз» аспабын жасау

. Күйлері: «Қорқыт» «Аққу» «Әуппай» «Башпай» «Желмая» «Ұшардың ұлуы»



Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Ой толғаныс

1. Бүгінгі сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Қорқыт қай жерде дүниеге келген(картадан көрсету)?
3. Қорқыт кім болған?
4. Қорқыт қандай аспап жасады?
5. Қобыздың түрлерін ата?
6. Қорқыттың күйлерін ата?
7. Қорқыттың қандай күйін тыңдадық?
8. Қорқыттың ізін жалғастырушы кімдер?

Үйге тапсырма

Қорқыт туралы түсінік айту

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет