Сабақтың білімділігі



бет2/5
Дата10.04.2023
өлшемі12,29 Kb.
#174090
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Д Қонаевқа 110 жыл
IWS 1 physics 2 summer, АЯЖАННН, МО 15, shtompka ssi, British Bulldog 2022 3-4 класс ответы и задания
Мұғалім сөзі: Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған. 1960-1962,1964-1986 жылдар аралығында Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары Қазақстанда Ақтау, Текелі, Шардара, Арқалық т.б. жетпістен астам үлкенді-кішілі қала салынып, Балқаш пен Жезқазған тау-кен комбинаты, Ақтөбе химия комбинаты, Қаратау фосфор зауыты, Соколов-Сарыбай тау-кен комбинаты т.б. көптеген алып индустриялық құрылыстар жүзеге асырылды. Д.А.Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комитеттің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. Сонымен қатар, Д.А.Қонаев ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген.
1-оқушы: Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,
Ол-кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға!
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге.
2-оқушы: Димаш ата туралы жазушы журналист Серік Әбдіраймов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған- Д.А.Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі.Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған», -деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет