Сабақтың білімділігі: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Сабақтың дамытушылығы: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтың тәрбиелігі:Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу. Көрнекілігі: Д.А.Қонаевтың суреттері, ғылыми еңбектері, баспасөз материалдарында жарияланған мақалалар. Сабақтың түрі:Танымдық сабақ Сыныбы:1 сынып Сабақтың жүрісі: «Д.А. Қонаев есімі Қазақстан халқыменбірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» (Н.Ә.Назарбаев)