Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Кешегі өткен ер Әбіш»



Дата01.04.2017
өлшемі88,36 Kb.
#12791
түріСабақ
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тұрсынбаева Мөлдір

Сабақтың тақырыбы:Абай Құнанбаев «Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:



Ақын туралы жалпы мағлұмат алу, деректерді жинақтау,








Дамытушылық: Оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,

шығармашылық жұмыстар арқылы таным – түсінігін қалыптастыру,, тіл байлығын жетілдіру



Тәрбиелік: Әбдірахман бойындағы адами қасиеттерді үлгі ету;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу  шығармашылық жұмыстарына баулу, пікірлеріне өз көзқарастарын айту;
Сабақтың түрі: Жаңа  білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдістер: СТО элементтері
Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сергіту сәті

ә) Топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Мағынаны тану

3.Жаңа сабаққа кіріспе

4.Жаңа сабақ.

5.Жаңа сабақты бекіту

ІІІ.Ойтолғаныс

6. Қорытындылау

7. Кері байланыс

8. Үй тапсырмасын беру





Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

І.Қызығушылығын ояту




1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, топқа бөлемін.


Оқушылар сәлемдеседі, топқа бөлінеді





2.Үй тапсырмасын сұрау

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа сұраймын

Өлеңді жатқа айтады

ІІ. Мағынаны тану



3.Жаңа сабаққа кіріспе.


Әбіш (Әбдірахман) (1869-1895) –Абайдың Ділдәдан туған баласы. Ол Семей қаласындағы уездік мектепте оқыды. 1886-1889 жылдары Түмен қаласындағы Александров Реалдық училищесінің 5,6,7- сыныптарын оқып бітірді. 1889-1892 жылдары С.Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде әуелі юнкер дәрежесінде түскен Әбішке 1890 жылы унтер-офицер, 1892 жылы портпей — юнер, сол жылдың тамызында подпоручик деген әскери атақ беріледі. Әбдірахман училищені өте жақсы деген бағамен бітіреді де, 1892 жылы Ташкенттегі бекініс жылы 15 қарашада ауыр науқастан қаза табады.








4.Жаңа сабақ.


Сөздікпен жұмыс

ӘБДIРАХМАН ӨЛГЕНДЕ (КЕШЕГI ӨТКЕН ЕР ӘБIШ)

Кешегi өткен ер Әбiш

Елден бiр асқан ерек-тi.

Жүрегi жылы, бойы құрыш,

Туысы жаннан бөлек-тi.

Өнерi оның жұрт асқан,

Ғылымға көңiлi зерек-тi.

Аямаған ғарiптен

Қолдан келген көмектi.

Кiсiге сiдет жүктетпей,

Еңбекпен тапқан қоректi.

Бiреудiң, қылған қарызын

Айтқызбай артық төлептi.

Боямасыз ақ көңiл,

Кiрлетпей кеттi жүректi.

Ойламаған өлiмнен

Жасқанамын демек-тi.

Тағдырға тәбдiл бола ма,

Сабырлық қылсақ керектi.





Сідет (арабша)

Міндет.


Тәбділ (арабша)

Өзгеріс.


Ғаріп (арабша)

Кәріп, мүсәпір, шарасыз, бейшара, жарымжан



Өлеңнің шумақтарын кезекпен оқиды

Оқушылар дәптерлеріне жазады.




Жеке жұмыс

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

«Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңіндегі Әбіш бойынан көрінер асыл қасиеттер:


жүрегі жылы, қажырлы, еңбекқор, рақымшыл, ақкөңіл

жігерлі, сабырлы, пысық, епті

көнбіс, кербез, сырбаз, тынымсыз

көпшіл, кішіпейіл, сөзуар, сылқым


Дұрыс жауабын белгілеңіз.

«Жасқа жас, 



ойға

көңілге


ақылға

 кәрі едің»


Мінездеме       
І бөлім    Боямасыз ақ көңіл    «ер Әбіш», «елден асқан ерек», «жүрегі жылы, бойы құрыш»    Әбіш-елден асқан ақылды, әрі ер, мейірімді, ғылымға талапты, ақ көңіл адам.

Әр оқушы өздері жеке талдайды.




Топпен жұмыс

Өлеңнің құрылысына талдау.

5 3

Кешегі өткен / Ер Әбіш/, а



5 3

Елден бір асқан /ерек-ті/. б

5 4

Жүрегі жылы/, бойы құрыш/, а



5 3

Туысы жаннан / бөлек-ті/. Б

8 буынды, 4 тармақты, 2 бунақты шалыс ұйқаспен жазылған.



Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.



5.Жаңа сабақты бекіту


«Нар» сөзінің «Тәуекелге нар едің» тіркесіндегі мағынасы –

А) кеңпейіл

B) батыл

C) епті


D) жігерлі
Өлең мәтініндегі Әбіштің бақилық болғанын танытатын сөз тіркесі –
А) қайтыс болған

B) марқұм



C) кешегі өткен

D) дүниеден озған


Әбдірахман Абайдың кімі екенін көрсетіңіз.
А) ұлы

B) інісі


C) досы

D) ағайыны


«Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңінің соңғы тармақтарында танылатын ақынның көңіл күйін белгілеңіз.
А) ұлын ерте алған Аллаға реніш

B) өзін сабырға шақыру, тәубе қылу

C) опасыз дүниеден түңілу

D) өзі де өлімге бекіну
«Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңіндегі «жүрек» сөзімен жасалған сөз тіркестерін көрсетіңіз.
А) ет жүрек, сорлы жүрек

B) асау жүрек, үрпиген жүрек, дертті жүрек



C) кірлетпей кетті жүректі, жүрегі жылы

D) ынталы жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек


Өлең жолындағы көркемдік тәсілді анықтаңыз. 
  
        Жасқа жас, ойға кәрі едің.
А) метафора

B) эпитет



C) антитеза

D) кейіптеу

Өлең жолындағы көркемдік тәсілді анықтаңыз. 
  
        Жүрегі жылы, бойы құрыш.
А) эпитет

B) метафора

C) теңеу

D) кейіптеу


Өлең жолдарынан Әбіштің қандай қасиеті ашылатындығын көрсетіңіз. 
  
        Ойламаған өлімнен 
        Жасқанамын демепті.

А) иманы кәмілдігін, ажалға сабырлылығын

B) кішіпейілдігін, сыпайылығын

C) қайсарлығын, көнбістігін

D) жігерлілігін, сырбаздығын


Әкенің перзентіне деген шексіз махаббаты, өзек жарды өкініші танылатын тармақтарды белгілеңіз.
А) Тағдырға тәбділ бола ма, Сабырлық қылсақ керек-ті.

B) Боямасыз ақ көңіл, Кірлетпей кетті жүректі.



C) Замана неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған?!

D) Ерлікке де бар едің, Үйренуді қоймаған.


Абайдың Әбіш туралы өлеңдерінің жанры –
А) ода

B) баллада

C) жоқтау №

D) толғау






ІІІ.Ойтолғаныс



6.Қорытындылау


Венн диаграммасы

Абай «Әбідархман өлгенде»

Ұқсастығы

Жамбыл «Алғадай туралы ойлар»

Өлеңде Әбіштің толық обрызы ашылады. Әкенің өз балсына берген бағасы. Баласы ауыр науқастан қаза табады.

Екі өлеңде де әкенің зары, жоқтауы, өз-өзіне айтқан жұбату сөздері көрінеді. Өлең жоқтау түрінде жазылған. 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Өлеңде қарт әкенің көңіл-күйі, күйзелісі көбірек көрсетіледі. Баласы соғыстан оралмаған.










7. Үйге тапсырма беру


  1. Өлеңді жаттау, Абайдың Әбдірахманға арналған басқа өлеңдерімен танысып, мәнерлеп оқу

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады




8. Кері байланыс


Оқушыларға кері байланыс парағын таратып беремін.

1.Бүгін не үйрендіңіз?

2.Сізге не ұнады?

3.Ұсыныс, пікірлеріңіз.

Оқушылар кері байланыс парағын толтырып береді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет