Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу


Студенттің өзіндік жұмыстары



бет10/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика
Ток. түрлері. Упп, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям, Сөж-1
Студенттің өзіндік жұмыстары:

  1. Гигроскоптық ылғалды анықтап, есеп шығару.

Бақылау сұрақтары:

  1. Гигроскопиялық ылғал дегеніміз не?

  2. Гигроскопиялық ылғалдылықты анықтау температурасы?

  3. Азық құрамындағы құрғақ затты қалай анықтайды?

Қолданылатын әдебиеттер:
1. А.Ахметов., Ж.Жалғабаева Мал азықтандыру. Оқу құралы. Алматы, 2019
2. А.Егеубаев, Қ.Ахметов «Азық қоректілігін бағалау және мал азықтандыру».Алматы, 2011

2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Азықтағы «шикі» майды анықтау, азықтағы «шикі» протеинді анықтау.
«Шикі» майды П.Х.Попандопула тәсілімен анықтау
Сабақтың мазмұны: Азық майы малға энергия көзі болып табылады. 1г май тотығуынан 9,1-9,3ккал, яғни протеин мен көмірсулар тотыққанда пайда болатын 4,2-4,5ккал 2,25 есе көп энергия пайда болады. Мал азығындағы майдың деткіліксіздігі майда еритін витаминдердің тапшылығына соқтырады. Май құрамындағы кейбір май қышқылдарының жеткіліксіщдігі малда бір қатар ауру тудырады, зат алмасуын бұзады. Оларға қанықпаған линелен, линол, архидон қышқылдары жатады.
Азық майын, яғни липидтерді, азық үлесінен органикалық еріткіштерменерітіп бөледі. Еріткіштермен өңдегенде бейтарап маймен қоса, балауыз, фосфатидтер, альдегидтер, кетондар, күкірт қосылыстары, органикалық қышқылдар, сағыздар, бояғыш заттар еритіндіктен, экстракты «шикі», яғни шикіззатты, таза емес май деп атайды. Азық үлгісін майсыздандыруды екі тәсілмен жүргізеді. Сокслет тәсілі бойынша азық үлгісін арнайы қондырғыда эфирмен, Попандопула тәсілі бойынша бензинмен өңдейді.
Қажетті құралдар мен ыдыстар: 700мл-дық конустық колба, кері ауалы не сулы кигізілген тығыны бар тоңазытқыш, сүзгі қағаз, құм монша, 100-1050С-тық термостат, аналитикалық таразы, авиация бензині (қайнау нүктесі 75-900С), бюкстер.
Анықтау барысы:

    1. Абсолют құрғақ күйге келтірілген азық үлесі бар қапшықты конустық колбаға салып, үстіне авиация бензинін құяды да, колбаны ауалы тоңазытқышқа қосады. Содан кейін құм моншаға қойып 30 минут қайнатады.

    2. Колбадан «шикі» майы бар бензинді құйып алып, орнына таза бензин құяды да, тағы да 30 минут қайнатады. «Шикі» майды толығымен алу үшін үшінші рет экстракциялауға болады.

    3. Үш рет экстракцияланғаннан кейін, қапшықты алып, бензин ұшып кету үшін, соратын шкафқа біраз уақытқа салып қояды.. Содан соң кептіргіш шкафта 100-1050С-та кептіреді.

Азықтағы «шикі» май мөлшерін мына формуламен есептейді:
;
мұндағы: - зерттелетін азықтағы «шикі» майдың үлесі (%); - «шикі» май салмағы, (г); - азық сынамасының салмағы, (г); 100 – пайызға өрнектеуге қажет коэффициент.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет