Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу


Алынған мағлұматтардың деректері



бет11/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ВС лаб и практика
Ток. түрлері. Упп, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям, Сөж-1
Алынған мағлұматтардың деректері



Көрсеткіштер

Анықтау

1

Азық сынамасы салынған қапшық массасы,г




2

100-1050С-та кептірілген бос қапшықтың салмағы (г)




3

Азық сынамасының салмағы (г)




4

Майсыздандырылған қапшықтың 100-1050С-та кептірілгеннен кейінгі салмағы,г




5

Ерітілген «шикі» май салмағы,г




6

Абсолют құрғақ азықтағы шикі май мөлшері, %




7

Ауалы-құрғақ заттағы «шикі»май мөлшері, %




Студенттің өзіндік жұмыстары:

  1. «Шикі» майды анықтап, есеп шығару.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Шикі» май дегеніміз не?

  2. «Шикі» майды анықтаудың қандай әдістері бар?

  3. «Шикі» майды анықтаудың қай әдісімен таныстыңдар?

  4. Майдың құрамы мен маңызын айтып беріңіз?

«Шикі» протеинді анықтау
Сабақтың мазмұны: «Шикі» протеинге азықтың барлық құрамында азот бар заттар жатады. Белоктар және азот бор заттармен, белоксыз сипаттағы амидтермен (аминқышқылдары, олардың амидтері, глюкозидтер, алколоидтар, азот, азот қышқыл тұздары т.б.) «Шикі» протеинді анықтау азық үлесінің оған тән азотты қосылыстардың протеин құрамында орта есеппен 16,6% азот бар «сезімтал» элементін сандық тағайындауға негізделген.
Кьельдаль тәсілі бойынша азықтағы азоттың жалпы мөлшерін тағайындайды. Ол үшін азық үлесін күшті күкірт қышқылымен (меншікті салмағы 1,84) жандырады. Бұл кезде азықтың органикалық заттары ақырғы өнімге және ыдырайды.
Протеин аммиагы күкірт қышқылымен байланысып, күкірт қышқыл аммонийдің ұшпалы емес тұзына айналады.

Одан кейін осы тұзға күшті күйдіргіш натриймен әсер етіп, аммиакты босатады.

Бөлінген аммиак 0,1н күкірт қышқылымен жұтылады, ал оның 1мг-ы 0,0014г ұстайды. 1г азот 6,25г протеин түзетінін біле отырып, (100:16,6=6,25), азот мөлшерін «шикі» протеинге ауыстыруға болады.
Қажетті құралдар мен ыдыстар: күшті күкірт қышқылы, 0,1н күкірт қышқылы, катализаторлар (күкірт қышқылды мыс және күкірт қышқылды калий), 33-40%-дық күйдіргіш сілті ерітіндісі, сутегінің асқын тотығы, ұнтақ тәрізде пемза, шыны не фарфор түтікшелер, қызғылт лакмус қағаз, 1%-дық индикатор (метилқызғылт) ерітінді, аналитикалық таразы, азық үлесін алуға арналған пробиркалар, индикаторға арналған тамшылатқыш, ерітінділерді титрлеуге арналған қондырғы, Кьельдаль тәсілімен күйдіруге арналған штатив, аммиак айдауға арналған аппарат, күйдіруге арналған 50-100мл-дық
Кьельдаль колбалары, қабылдау стаканы.
Анықтау барысы:

  1. Пробиркаға 0,3-0,5г азық үлесін өлшеп алып, азық күйдіретін колбаға салады.

  2. Колба қабырғасымен сыздықтатып 10мл күшті күкірт қышқылын жайлап құйып, мұқият араластырады. Күйдіруді тездету үшін катализаторлар (0,5-1г күкірт қышқыл мыс, 2-3мл сутегінің асқын тотығын т.б.), ал күшейту үшін 3-5 күкірт қышқылды калий қосады.

  3. Колба қабырғасында шала жанған бөлшектер қалмас үшін, жиі араластырып, азық сынамасы ағарғанша күйдіреді; Колбаны қыздыруды жайлап бастап, біртіндеп күшейтеді; майы көп азық көбіктенбеуі үшін, сұйық бетінің керілуін әлсірететін 96%-дық этил спиртінің 1мл-ын тамызады.

  4. Сұйық ағарғаннан кейін колбаны суытып, 50-100мл дистилденген суды колба қабырғасымен ептеп құяды да, араластырып, аммиак айдауға арналған колбаға ауыстырады; күйдіруге арналған колбаны бірнеше дүркін сумен шайып, негізгі ерітіндіге қосады;

  5. Алдын-ала айдау колбасын дұрыс келетін тығынмен бекітіп Кьельдаль аппаратына қосады да, 100-300мл-дық аммиак қабылдайтын Эрленмейдің конустық колбасына бюреткадан 15-30мл 0,1н , 2-3 тамшы индикатор (метилқызғылт) тамызады.

  6. Айдау аппаратының тоңазытқышы түтігінің ұщын боялған 0,1н қышқылға батырып, жалғастырады;

  7. Межелі цилиндрге 33-40%-дық не ерітіндісін азық үлесін күй-діруге арналған қышқылдан 4 есе артық (40-50 мл-нан көбірек) етіп құяды.

  8. Айдау колбасына қызғылт лакмус қағазын салып не 2 тамшы индикатор тамызып үстіне сілті құяды. Колбадағы сұйық сілтілі болуы керек (лакмус көгереді). Сілтіні колбаға, екі қабат түзілетіндей етіп құю керек. Бірқалыпты әрі тыныш қайнау үшін қасық ұшымен пемза қосады.

  9. Колбаны тамшы тұтқышпен жалғастырып, ішіндегісін бірқалыпты араластырады. Колба қыздырғышты іске қосып, аммиакты азық үлесіндегі азотына қарай 15-30минут қыздырып бөледі. Оның толық бөлінгенін қызыл лакмуспен анықтайды; ол түтіктен шыққан тамшыдан көгермеуі керек;

  10. Айдау аяқталғаннан кейін түтік ұшын дистилденген сумен қабылдағыш колбаға шаяды да, ондағы ерітіндіні 0,1н ерітіндісімен түсі сары алтын түстес болғанша титрлейді.

  11. Қабылдағышқа алынған қышқыл мөлшері мен оның аммиактан бос мөлшерін титрлеуге жұмсалған сілті мөлшерінің айырмасы бойынша -пен байланысқан қышқыл мөлшерін тауып, оны 0,0014граммға көбейтеді.

;
мұндағы: - азық үлесіндегі азот мөлшері; - азық үлгісі
13. Азот пайызын 6,25-ке көбейту арқылы «шикі» протеин пайызын өрнектеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет