Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру



бет12/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман

Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол түсуі – бала денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады.

Қазіргі заманда кез келген сабаққа қойылатын талаптар бар болғандықтан, сабақты сол талаптарға сай жүргізу керек:

1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс;

2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;

3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек;

4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе екенін назарда ұстау керек;

5. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет;

6. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек;

7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек;

8. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық    принципке сай жүргізуі тиіс;

9. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет;

10. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталу, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с.) ескеріп отыру шарт.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет