Сабақтың тақырыбы: «Қан. Канайналым мүшелері»



бет3/6
Дата06.02.2022
өлшемі32,33 Kb.
#48278
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
2. Биологиялық диктант:

1. _______________ қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы ___________________ тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар ___________ деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - ______________ деп аталады.
5. ______________ қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін ___________ реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне кедергі______________ жасайды.
8. Жүректегі_____________ қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар_________________ қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты____________ деп аталады.


Жауабы:
1. Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар артериялар деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - аорта деп аталады.
5. Сол жақ қарыншаның қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін жақтаулы қақпақшалар реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне айшық қақпақшалар кедергі жасайды.
8. Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты миокард деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет