Сабақтың тақырыбы Атомдық ядроның жалпы қасиеттері, радиоактивтік, ядролық реакциялар, атомдық ядроның бөлінуі мен қосылуы



бет3/3
Дата01.06.2020
өлшемі390,42 Kb.
#71964
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
406 топ ядролық реакция

Dэкв=k·D к –биологиялық эффективтік коэффициенті

Эквивалентті дозаның өлшем бірлігі зиверт -1зВ

Жасанды жолмен алынатын радиактивті изотоптарды радиоизотоптар деп атайды.

Алынған изотоптар:Изотоптардың атомдары шығаратын радиациялық сәулелері олардың қозғалатын ортасының жай-күйі туралы үнемі хабар беріп тұрады. Сондықтан радиактивті изотоптардың атомдарын таңбалы атомдар деп атайды.Радиактивті сәулелер радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады.

Иондағыш сәулелердің өтімділік қасиеттері:

a - парақ қағаздан өте алмайды. Адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, өте қауіпті.

β –бөлшектрдің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1-2 см тереңдеп ене алады. Бірніше мм алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.

γ – сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін қорғасынның немесе бетон плиталардың қалың қабаты пайдаланылады.

Изотоптардың активтілігі деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады. Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды.

Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.

Дененің бір кг-да жұтылған радиация энергиясының мөлшері жұтылған доза деп аталады.

Е-организмде жұтылған радиация энергиясы, яғни сәулелену дозасы, m –дененің массасы.

Жұтылған дозаның өлшем бірлігіне грей алынады.

Айналадағы ортаны радиация қалдықтармен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан радиактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте-бірте жоятын болады. Сондықтан табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға жауапкершілік жүктеледі.



Үйге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет