Таянып секірулер.Отырып таянып секіру және иіліп кері серпілу.
Сыныпты шағын топтарға немесе жұптарға бөлу және өз беттерінше келесі элементтермен жұмыс істеуді ұсыну.
1. Еденде жата таяну, аяқпен итеру, отыруға таяну.
2. 3-5 адым, гимнастикалық көпіршеге ыршып түсу, жоғарыға кері серпілу
3. Гимнастикалық көпіршеге 3-4 ыршу, тіземен отырып таянып ыршып түсу – еркін әдіспен таянып отырып өту – жоғарыға иіліп секіру.
4. Б.Қ. еденде тізерлеп тұрып таяну;
- қолмен таянып және аяқпен итермелеп, таянып отырып, тік тұру (қолдар алдыға);
5. 1-2 адымнан таянып секіріп міну, тіземен тұрып және қолмен таянып, артқа гимнастикалық көпіршеге секіріп түсу;
6. тіземен тұрып, таянып ыршып түсу, таянып отырып, тік тұрып, кері серпілу;
7. отырып таянып секіру және иіліп кері серпілу.
Екпін алып секіріп тірек секіру және бүгіліп ыршып түсу, дәл солай солға (оңға) бұрылумен. Биіктігі 90 см кедергі арқылы сол (оң) қолға және оң (сол) аяққа тіреумен бүйірге секіру.
|