Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, кезекпен әр тілде амандады. Жабдықтау сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды.
Алаңды айналып жүру.
Жүру жаттығулары: Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру, қол желкеде өкшемен жүру, қолда аяғымызға тигізіп жүру, қол алда жартылай отырып жүру, қол белде толық отырып жүру, қол белде отырып екі жанға секіріп жүру.
Жүгіру жаттығулары: Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру, қол белде аяқты алға лақтырып жүру, қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру, қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру, қол белде жанымызбен жүгіру.
1 тапсырма
Алаңда бірінің ішінде бірі 3 шеңбер сызылады: біріншісінің диаметрі – 1 м, екіншісі – 3 м және үшіншісі – 5 м. Бірінші шеңберге ұстап алушы тұрады, екінші шеңбер бос болады, ал үшіншіге – қорғаушылар орналасады (4-6 адам). 2 команда – алаң ойыншылары. Алаң ойыншылары допты ұстап алушыға беруге тырысып, алып жүреді. Қорғаушылар ұстап алушыға допты қағып алуға мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Допты өзінің ұстап алушысына көп рет лақтырған команда жеңіске жетеді.