Сабақтың тақырыбы: «Autocad жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»


Координат нүктелерін енгізу тәсілдері



бет5/28
Дата03.01.2022
өлшемі413,5 Kb.
#108735
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ашык сабак откизуге арналган гой бул

Координат нүктелерін енгізу тәсілдері
Бірінші тәсілі – кесіндінің шеткі нүктелерін тышқанның көмегімен көрсету. Бірақ нүктелерді бұлай енгізу дәл болмайды. Кең тараған тәсіл екінші тәсілі – координат нүктелерін пернетақтадан енгізу, мысалы: 65,113.24

Бұл мысалда нүкте екі координатамен берілген:Х=65 мм, Y=113.24 мм. Пернетақтада енгізгенде үтір белгісі Х пен У координаталарын бөлу үшін, ал нүкте санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлу үшін қолданылады. Координаттарды енгізу барысында координаталар бас нүктесін 0,0 қайдан таңдау керек. Көп жағдайларда бұл нүкте графикалық экранның сол жақ бұрышында болады (бірақ, жұмыс барысында сурет бойынша 0,0 нүктесі кез келген жерде орналасады, сызбаның көрінбейтін аймағында орналасу мүмкін).

Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі — бұл декарттық координаталарға қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы: @50,25

Бұл жазу бойынша, соңғы нүктенің алдыңғы нүктеге қатысты берілетінін ("@" таңбасы анықтайтын), Х осі бойынша +50 мм қозғалуын (яғни оңға қарай 50 мм) және Y осі бойынша +25 мм (яғни 25 мм жоғары қарай) қозғалысын білдіреді. Мұнда үтір координаталарды бөліп тұратын белгі. Енгізілген сандар бүтін және заттық, оң, нольдік және теріс болуы мүмкін.



Төртінші тәсіл — поляр координаталарына қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы:@33.5<45

Бұл тәсілде үтірдің орнына "<" белгісі қолданылады. Берілген мысалда нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі, олардың ара қашықтығы жазықтықта 33,5 мм-ге тең, бірақ алдыңғы нүктеден соңғы нүкте 45 градус жасап, оң бағытпен абсцисса осі арқылы орналасады (бұрыш сағат тіліне қарсы «+»-пен, ал сағат тілімен бағыттас «-»-пен өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң санға, ал бұрыш кез келген мәнге ие бола береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет