Тақырыбы: Деректерді енгізу, ұяшықтарды түзету Мақсаты



Дата20.03.2020
өлшемі17,38 Kb.
#60563
Байланысты:
3481efe9-056e-4cac-bdb0-23ef3ad98f9b

Тақырыбы: Деректерді енгізу, ұяшықтарды түзету

Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі электронды кестелердің негізгі мүмкіндіктерімен танысу, жұмыстың негізгі тәсілдері, деректер мен формулаларды енгізу, кестені безендіру, оларды тәжірибеде қолдану.
Жұмыс жоспары:

    1. ДЭЕМ-ді іске қосу

    2. Берілген тапсырма бойынша өзіндік тапсырманы орындау

    3. Орындалған жұмысты сақтап, оны дискетаға көшіру

    4. Оқытушыға есеп беру

    5. ДЭЕМ-ді өшіріп және жұмыс орынын тапсыру

Бұл сабақта Microsoft Excel электрондық кестесімен танысасыздар. "Электрондық кесте" термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Microsoft фирмасының Excel программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәйпрограмма ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі– түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді. Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік. Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен баганалардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула)енгізеді.

ТАПСЫРМАЛАР

ТАПСЫРМА 1

«Кәсіпорынның көрсеткіштеріне талдау» атты қарапайым кестені жасаңыз:






А

B

C

D

E

1

жаттығу













2

Кәсіпорынның көрсеткіштері













3

Ай көрсеткіштері

қаңтар

ақпан

наурыз

Бірінші квартал

4

Жоспар бойынша

1000

2000

3000

=сумм(B4: D4)

5

Нақты

900

2000

3200




6

%

=В5/В4










7
















8
















9
















10















Ол үшін:


Курсорды А1 ұяшығына келтіріп және «жаттығу 1» теріп, ENTER пернесін басыңыз;

Әрі қарай курсорды төмен қарай жылжыта отырып А бағанасына деректер енгізіңіз.

Ұяшықтарға информация енгізіңіз:

- А2 кәсіпорын көрсеткіштерін - А3 айлық көрсеткіштерін

- А4 жоспар - А5 нақты

- А6 %


Енді кесте тақырыбын толтырыңыз:

В3 ұяшығына курсорды келтіріңіз;

Қаңтар сөзін теріңіз.

Автотолтыру:

Тышқанды В3 ұяшығының оң төменгі бұрышына келтіріңіз (тіксызық орнына крест белгісі шығады)

Тышқанның сол құлағын баса отырып жіне крест белгісін С3 және D3 ұяшығына апарып, босатып жіберіңіз.

Кестеге деректер автоматты түрде толтырылады:

С3 ке ақпан D3 ке наурыз

Әрі қарай Е3 ұяшығына «Бірінші квартал» сөзін енгізіңіз.

Теория: Автотолтыру арқылы төмендегі қатарды толтырығыз:

100, 200,300,. … сандарын

1-4-07, 2-4-07, 3-4-07 ... күндерін

Айлар: қараша, желтоқсан, қаңтар ...

Жолдарды:

Цех 1, Цех 2,...

Квартал 1, квартал 2, ...

Негізгі сандық деректер:

Ұяшықтарға сандық деректерді енгізіңіз:

В4 1000 В5 900 С4 2000 С5 2000

D4 3000 D5 3200

Автоқосынды:

Курсорды Е4 ұяшығына келтіріңіз «Автосумма» батырмасын шертіңіз. Ұяшықтар жыпылықталған пунктирмен белгіленіп, ENTER пернесін басыңыз; және Е4 ұяшығына =сумм(B4: D4) формуласы автоматты түрде түседі. Осы процедураны Е ұяшығына формула енгізу үшін қайталаңыз; Кез келген формуланы енгізу үшін Вставка Функция менюін қолданыңыз.


ТАПСЫРМА 2

Төмендегі үлгідегі кестені жасаңыз:






Март

Еңбек ақысы




Сыйлық




Материалдарды сатып алу




Амортизациялық




Шығыстар




Сатудан түскен кіріс










Қосынды шығын

Формула







Пайда

Формула







Кестені төмендегідей толтырыңыз В бағанасына сәйкес сандарды, Формуланның орнына мынаны жазыңыз:

Кестені төмендегідей толтырыңыз В бағанасына сәйкес сандарды, Формуланның орнына мынаны жазыңыз:

Қосынды шығын = Еңбек ақы + Сыйлық + Материалдарды сатып алу +

Амортизациялық шығындар + Шығыстар

Пайда = Сатудан түскен кіріс + Сатудан түскен кіріс



Файлды сақтаңыз.
Бақылау сұрақтары:

    1. Электронды кесте деген не?

    2. Электрондық кестелер қандай мақсатта қолданылады?

    3. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарын атаңыздар.

    4. Абсалюттік сілтеме деген не?

    5. Салыстырмалы сілтеме деген не?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет