Сабақтың тақырыбы
|
Қайталау (1-тоқсан.1-бөлім.)
8-сабақ
|
Дағды
|
Айтылым және грамматика
|
Оқыту мақсаттыры
|
4.2.3.1. белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.
4.2.1.1.берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы,мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.
4.5.1.2.көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.5.сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру.
|
Тілдік міндеттер
|
|
Алдыңғы білім
|
Менің сапарым
|
Сабақтың барысы
|
С.кезең.і
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында «Ең ақылды» әдісін пайдалана отырып, өтілген жаңа сөздерді қайталайды. Тапсырма ауызша орындалады. Сыныптың ортасына екі оқушы шығады, сыныптың соңына барып тұрады. Мұғалім екі оқушыға өтілген тақырыпқа қатысты жаңа сөзді айтады. Қай оқушы сол сөздің аудармасын білсе, бір адым алға жылжиды. Кім көп сөз біледі, сол жеңіске жетеді.
«Сөйлемді сөзбен толықтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар өтілген тақырыптар бойынша материалдарды естеріне түсіреді. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді мағынасы және орын тәртібіне сай дұрыс қояды.
|
2 мин
|
Мұғ-Сынып
|
Өтілген сабаққа қатысты жаңа сөздер жазылған парақша
|
Негізгі бөлім
|
«Сөздерге қосымшаны дұрыс жалғай білемін» айдарындағы тапсырмада әр топқа сұрақтар жазылған кесте таратылады және әртүрлі бірнеше сөз беріледі. Оқушылар сұраққа сәйкес сөзге жалғау жалғап, өз ұяшығына дұрыс жазу керек.
Тірек сөздер: ағам, кітап, көше, орман, ауыл, жаулау ағаш, тауғ өзен, көпір, саябақ, қыз, атам, жол.
Мұғалім топтарды аралап, оқушылардың жұмыстарын бағалайды.
|
5 мин
|
Жеке
|
Сұрақтар мен тірек сөздер жазылған кесте
|
«Заттың, нәрсенің немесе адамның қай жерде екенін түсіндіре аламын» айдарындағы тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып айтады. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдайды, қателері болса түзетеді, бір-бірін бағалайды.
|
5 мин
|
Мұғалім - сынып
|
|
«Мен сөздерді көптік мағынада айта және жаза аламын» тапсырмасы оқушының көптік жалғауын қаншалықты меңгергенін тексеруге бағытталған жаттығу. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар қажетті көптік жалғауын жалғап жазады. Тапсырма жеке орындауға беріледі.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Сұрақтар
|
«Сөздердің мағынасын түсінемін» оқушыларға сөздер беріледі, олар мағыналарын түсіндіреді.
|
5 мин
|
Жеке ж.
Сынып
|
|
Қор. бөлім
|
Өтілген бірнеше сабақты қорыту сабақты мақсатында оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады. Мұғалімнің қолындағы қоржыннан оқушылар түрлі түсті қағаздарға жазылған сұрақтар алады.
1.Сен қай қалада тұрасың?
2.Қай қалада көмір өндіріледі?
3.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
4.Тудың түсі қандай?
5.Әнұранның авторларын ата.
6.Елтаңбада нелер бейнеленген?
7. Қазақстан қандай мемлекет?
8.Қай аймақта түйені көп өсіреді?
9. Қ.Р. президенті кім?
10.Барыс қандай аң?
11.Қыран қандай құс?
12.Тұлпар қандай жылқы?
Рефлексия
«Білім ағашы» өтілген тақырыптар бойынша есінде қалған 5 нәрсені жазып, білім ағашына іледі.
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
Сұрақтар салынған қоржын
«Білім ағашы», стикерлер
|
|