Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5%темір бар.
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью-Йоркте сақталуда.
Темір элементі геологияда
Темір кендерінің ең үлкен қоры Орал тауларында орналасқан (онда кейбір таулар толық темірден құралған). Курск, Кольск жартылай аралында, Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай).
Темірдің табиғи минералдары: