Банк саласындағы бұлттық технологиялар
Банктер арасындағы бәсекелестік зор. Мұндай қаржы ұйымдары шығындарды қысқарту үшін, инновациялық технологияларды қолдануда. Деректерді сақтаудың бұлттық сервистері қаржы процестерін автоматтандыруға бағытталған. Нәтижесінде есеп жүргізудегі шығындарды қысқартудан кредиттік мекемелер жұмысының тиімділігі арта түседі. Қаскүнемдердің бұлттық қоймаға кіру қаупі болғандықтан, ол жерде клиенттер туралы мәліметтер сақталмайды.
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Бизнеспен айналысатын адамдар «бұлтты» мынадай мақсаттарда қолданады:
Виртуалды сервер жалға алынғандықтан, барлық орналастырылған сервис провайдердің қатысуынсыз-ақ компания басшысы тарапынан толық бақылауда болады.
Желіде виртуалды байланыс орталығын құру оңай. Соның арқасында жұмыс орындарын ұйымдастыруға кететін қаржы үнемделеді. Жұмыс провайдерге өтінім берген сәттен бастап екі күннен кейін басталуы мүмкін.
Бизнеске арналған бұлттық сервистер виртуалды кеңсе құру үшін қолданылады, яғни жұмыс орны нақты компьютерге байланбайды. «Бұлтта» компанияның ішкі желісі бейнеленеді, дискілер, бумалар мен жоспарлау программалары қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |