Сабақтың тақырыбы: Бұлттық технологияларды қолдану салалары
Күтілетін нәтиже: Бұлттық технологияларды қолдану салалары туралы біледі.
Негізгі ұғымдар:
Бөлшек сауда – ритейл – retail
Бұлттық ойын (бұлтты гейминг) – облачный гейминг – cloud gaming
Жоспар:
-
Бұлттық технологияларды қолданудың мысалдары
-
Білім беру саласындағы бұлттық технологиялар
-
Медицинадағы бұлттық технологиялар
-
Логистикадағы бұлттық технологиялар
-
Банк саласындағы бұлттық технологиялар
-
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
-
Сауда саласында
-
Қызметкерлерді басқару
Қазіргі таңда бұлттық есептеулер кез келген салада қолданылады. Microsoft корпорациясының тапсырысы бойынша Spiceworks мамандары жүргізген зерттеу мәліметтеріне сәйкес, көп жағдайда бұлттық қызметтер web-хостинг үшін қолданылады.
Сауалнама жүргізіліп, оған қатысқандардың таңдаулары пайызға шағылады. Міне, осының қорытындысы бойынша адамдардың IT-инфрақұрылымның өнімділігін арттыру үшін, электрондық поштаны «бұлтқа» орналастыру үшін, web-мазмұнды бұлттық технологияларды қаншалықты қолданатындықтары анықталады. Бұлттық технологияларды қолданудың кейбір мысалдарын қарастырайық (1-сурет).
1-сурет. Бұлттық технологияларды қолдану аймағы
Достарыңызбен бөлісу: |