Сабақтың тақырыбы: Географияны зерттеу нысандары Мұғалімнің аты-жөні: Б. Тлахметова Күні


Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл



бет34/66
Дата05.12.2022
өлшемі2,89 Mb.
#161399
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
7 ҚМЖ-1-1

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.



Оқушының аты-жөні

«Жария
лау» әдісі

«Салыстыру кестесі»

«Ыстық орын
дық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл















































































































«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?




Бағалау парақшасы


Рефлексиялық шеңбер



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Сабақтың тақырыбы:
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:

СЫНЫП: 6



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.3.2.7 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Сәлемдесу.


Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған.
Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.

Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті +60° +70°С - қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5 – 10 күн, шөлейт зонасында – 40, Қызылқұмда – 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т. б. арнайы агротехника лық шаралар қолданылады.

Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі – шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20 – 38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55 – 60 күн болады. Қазақстанның оңтүстік - шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды, өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі.

Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. Үсік көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс. Ауаның температурасы қысқа мерзімде 0оС - тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады. Үсіктің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктері. Мұнда көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы (қарақұмық, жүгері, бидай, қияр, алмұрт т. б. үшін) он жылдың ішінде 5 жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа жеміс тұқымдары үшін) 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар.

Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі – көктайғақ (көк мұз). Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0°С - қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп - жұқа (5 мм) мұзбен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады. Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек байқалатын құбылыс. Республиканың батыс жазықтарында, орталығында және оңтүстік - шығысында көктайғақтың қалыңдығы 15 мм - ге жетеді. Қаратау жотасы, Қырғыз, Іле Алатауларының жел жақ беткейлерінде оның қалыңдығы 22 мм - ге дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет