Сабақтың тақырыбы: Географияны зерттеу нысандары Мұғалімнің аты-жөні: Б. Тлахметова Күні



бет42/66
Дата05.12.2022
өлшемі2,89 Mb.
#161399
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Байланысты:
7 ҚМЖ-1-1

Басталуы
5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3 -топ «Қызыл кәмпиттер»
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Қызыл гүлім-ай» би



Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1. Жаңа тақырыпты проблемалық сүрақтан бастау: «Толқын деген не?»
Мұхит суы әртүрлі күштердің әсерінен үнемі қозғалыста болады. Ең бірінші фактор – жел. Желдің әсерінен толқындар 10-15 м биіктікке көтеріледі. Толқынның элементтері: қыры немесе жалы, биіктігі, табаны, ұзындығы. Толқынның суретін оқушы тақтаға салып көрсетеді. Толқынның күштілігін анықтайтын шкала туралы айтып өтеді.
2. Кейін «соқпа толқын», «цунами», «тайфун» ұғымына тоқталады. Оның пайда болу себептерін оқушылармен бірігіп фотосуреттер (слаидтар) арқылы анықтайды.
Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 метрден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп 20-30 м-ге жетеді. Цунами болар алдында су жағадан бірнеше жүзлеген метрге шегінеді, оның толқыны сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жер тайфун деп аталады. Оның әсерінен таудай толқын көтеріледі.
3. Оқушыларға сүрақ: Толысу және қайту құбылысы туралы не білесіндер?
Толысу және қайту құбылысы туралы бейне материал көрсету.
Мұхит пен теңіздерде қайталап тұратын құбылыс – толысу мен қайту. Оны меңгеру үшін оның сызбасын пайдалану жөн. Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалану мәселесі туралы сұрақ қою.
1. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеп мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді:
Осы жерде оқушылар толқынның элементтерін мұғалімнің тақтаға салған графикалық суреті арқылы айқындап меңгеру мақсатында дәптерлеріне сызып отырады. Бір оқушы толкын суретін интерактивті тақтада суреттейді, оқушылар суреттерін салыстырады. Кейін оқушылар оқулық мәтінінен толқынның балдық шкаласы суретін тауып, толқынның күші 9 балдық шкаламен анқыталатынын өздері анықтап біледі.
2. Цунами (жапонша цунами – қойнауындағы үлкен су) – теңіз түбіндегі жер сілкінулердің әсерінен пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.
Цунами және оның пайда болуы мен әсерін оқушылар слаидтер арқылы көреді.
Мәтінді оқып, оны берілген суретпен салыстыра отырып, оқушылар өз ойларын сараптайды.
Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.
Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл. Жапон, Филиппин аралдарына, Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіне таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет