Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
1. Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын қалай байқауға болады?
2. Сендер тұратын елді мекен ең жақын теңізден қандай қашықтықта орналасқан? Бұл қашықтықты карта бойынша өлшеңдер.
3. Қара теңізден бастап ойша Жер шарын айналып шығатын «саяхат» жасаңдар. Өздерің сол арқылы жүретін және жақынырақ өтетін мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, каналдарды атаңдар.
4. Еуразия материгінің жағаларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атаңдар.
5,6 Қандай бұғаз екі теңіз бен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрады?
7. Мәтінде аталған теңіздерді, шығанақтарды және бұғаздарды кескін картаға жазыңдар.
8. Төмендегі мәліметтер негізінде «Мұхиттар» кестесін толтырыңдар.
Талдау
Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді. Географиялық диктант берілелі:
1. Жер бетін жайлаған су.......................... құрайды? (дүниежүзілік мұхитты)
2. Дүниежүзілік мұхит...................... бөліктен тұрады?
3. Жер шарындағы ең терең мұхитқа..................... мұхитын жатқызамыз.
4. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің ¾ бөлігі немесе.................... млн км² тиеді.
5. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі..................... деп аталады.
6. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынап кіріп тұрған бөлігін................... деп атайды.
7................. – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұрған бөлігі.
8. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір – бірімен...................... арқылы жалғасады.
9. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері -............................. шұңғымасын айтамыз.
10. Көлемі жөнінен ең шағын мұхит.........................................................
|
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.
|