Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы



бет1/6
Дата09.06.2017
өлшемі0,79 Mb.
#18263
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Пәні: физика

Класы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері мен Паскаль заңы туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі Паскаль заңы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Ойын технологиясы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, демонстрациялық

Сабақтың технологиясы: ойын технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, жетондар, слайд.

Құрал жабдықтар: проектор, динамометр, ағаш білеуше, Паскаль шары, құмы бар ыдыс, жіңішке төрт аяғы бар үстелше.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Есептер шығару.

5. Қорытындылау.

6. Үйге тапсырма.


7. Бағалау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру. Класс оқушыларын үш топқа бөлу.

І топ «Күш»

ІІ топ «Салмақ»

ІІІ топ «Деформация»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім білімпаз?» ойыны арқылы өткен тарау материалдарын қайталау сұрақтары беріледі. Қай топ оқушылары жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа 1 жетон беріледі.

1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

2. Күш немен сипатталады?

3. Гук заңын айт.

4. «Деформация» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

5. Күштің өлшем бірлігі?

6. Пластикалық деформацияға мысал келтір.

7. Дененің салмағы дегеніміз не?

8. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?



9. Үйкелістің неше түрі бар?
ә) «Сәйкес формуланы табу»

1

Гук заңы






2

Ауырлық күші






3

Үйкеліс күші







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет