Сабақтың тақырыбы: Жарнама Сабақтың мақсаты



бет6/7
Дата10.06.2020
өлшемі22,56 Kb.
#72939
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жарнама

Жарнаманың кемшіліктері:

  • Жарнаманың мазмұны көбінесе теріс мәліметтерге құрылып, сатып алушыларды адастырып жібереді.

  • Жарнамаға қомақты қаржы шығарылатындықтан мұның өзі тауар бағасын қымбаттатып жібереді.

  • Жарнама тұтынушылардың өздеріне тіпті де қажеті жоқ тауарға ақша шығындауына күштеп көндіреді.

  • Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама берушілерге тәуелді болып қалатындықтан олардың еркіндігі де шектеледі.

Жарнама қай кезде өтірік айтады? Орындалмайтын уәде бергенде: «Бұл жастықты қайтарады!», «Бұл дәрі ракты емдейді!» т.с.с.

Қымбат тауарға арзан баға қойғанда. Мысалы сол тауардың таусылғанын оған қарағанда жақсы, бірақ қымбаты бар екенін байқайды. Егер толық сипаттама орнына бірнеше қасиеттерін берген жарнама өтірік айтады. Жарнама тауарды жетілдірілген қасиеттермен жасалған сияқты жаңа қорапқа орап қояды. Жарнама суреттерінде тауар шын мәніндегі түріне қарағанда тартымды көрінуі мүмкін. Кейде жарнама жастардың еліктейтін «жұлдыздары» сол тауарды тұтынатындай етіп көрсетеді. «Жұлдыз» үшін бұл ақша табу, ал жарнамаға кеткен ақшасын сатушы сол тауарды өткізуден қайтып алады. Жарнама сапасыз тауарды атақты фирмалар атауымен жасыруы мүмкін. Мысалы, «Panasonix» немесе «Panasound» магнитофондарын сенгіш адамдар атақты «Panasoniс»-тен алып жатырмыз деп ойлауы мүмкін.

Жарнама тұтынушыларды алдап кетпес үшін 1987 жылы Парижде Халықаралық Жарнама кодексі қабылданып онда былай делінген: Кез-келген жарнамалық хабарлама заңды түрде таза, шынайы және сенімді болуы керек. Кез-келген жарнама қоғам алдындағы жауапкершілікпен құрылуы керек және саудада қабылданған бәсекелестік талаптарына жауап беруі керек. Ешқандар жарнамалық хабарлама қоғамның жарнамаға деген сенімін бұзбауы керек.

Слоган дегеніміз сатылатын заттың қайталанбас қасиетін көрсетіп тұратын қысқа да нұсқа бейнелі сөз, девиз, нақыл.
Осынау қысқа да нұсқа жарнамалық тіркестерге қойылатын талаптардың тұтас теориясы жасалған:


  • Слоган достық шырайлы болуы және мейірімге шақырып тұруы тиіс. Сөйлемнің әр сөзінде ұшырасатын әріптердің немес буын бунақтарының қайталанып келіп отырғаны дұрыс.

  • Слоганда бас әріптер, графикалық символдар болуы керек.

  • Сөздің өрнектілігі, тақ-тұқ қысқа болғаны жақсы.

  • Реті келсе «бастап» және «дейін» сияқты көмекші сөздерді, «көбірек», «күштірек» іспетті сөздерді қарама-қарсы қойып пайдалану жөн. Мысалы, «Сони» фирмасының слоганы: «Бізде арзан зат болмайды, біздегінің бәрі де таңдаулы»

Слоган жарнаманың қайсысында болсын барлық хабарландыруда кездеседі. «Кока-кола» фирмасының соңғы 100 жылда даму серпінін бақылап көрсек 1886 жылы фармацевт Дж.Пумбертон ойлап тапқан танымал сусынның слоганы мына түрде дамып отырған.

1886 жыл – «Кока-кола» ішіңіз

1904 жыл – «Кока-коламен» мейір қандырыңыз

1906 жыл – Нағыз сапа сусыны

1911жыл – Қуаныш тұнған сусын.

1917 жыл – Күніне 3 миллион

1923 жыл – шөл қандыруды лаззатқа айналдырыңыз

1926 жыл – «Кока-кола» - шөл мен нәрге алып баратын ең төте жол

1923 жыл – Мұздай күн шұғыласы

1923 жыл - «Кока-коланың» теңдесі жоқ

1942 жыл - Енді керемет

1946 жыл – Иә!

1950 жыл – Сапа мен шөл қандырғанға не жетсін

1956 жыл – Жер шарындағы достыққа шақыратын нағыз сусын

1966 жыл – «Кока-кола» шырай келтіруде алдына жан салмайды

1966 жыл - Дәмін татқан соң іше бергің келеді

1968 жыл – Жұтымнан соң жұтым, тасқыннан соң тасқын.

1976 жыл – Кока ғұмырды ұзартады

1988 жыл – Коканың дәмін татсаң, езуіңе күлкі үйіріледі

1988-1991 жыл – Шынайы сусынға теңесер ештеңе жоқ

1997 жыл - Әрқашанда «Кока-Кола»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет