Проблеманы шешу: Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, жарнаманың тарихы, жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері, әртүрлі кеңестермен оқушыларды таныстыру, адамгершілікке, инабаттылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы Жаңа тақырып бойынша дәріс мазмұны: Жарнама адамзатқа ерте заманнан белгілі. Жарнама француз тілінде «reclame» -айқайлап айту дегенді білдіреді. Жарнама – тауарлар мен қызмет түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау. Жарнама қай кезде де адамдармен тиімді болатындай қарым-қатынасқа бағытталады. Жарнамалық шығармашылық - әлемдік мәдениеттегі өзінше бөлек объект. Жарнаманың көрнекті әрекеттерінің көп ғасырлы дәстүрі бар.