Сабақ жоспары курс: 10 ай Топ: 232 Сабақ нөмірі №1 Мамандық-біліктілік



Дата06.02.2022
өлшемі27,55 Kb.
#79534
түріСабақ
Байланысты:
ПӘНДІК САБАҚ ЖОСПАРЫ № 1


ПӘНДІК САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс:

10 ай

Топ:

232

Сабақ нөмірі

1

Мамандық-біліктілік:

1513000 «Ветеринария» / 151303 2 «Ветеринарлық санитар»

Модуль атауы:

Нарықтық экономикаға кіріспе

Сабақ тақырыбы:

1. «Нарықтық экономика негіздері» пәнінің мақсаттары мен міндеттері. 2.Экономика салалары

Өткізілу мерзімі

02.09.2020 ж.

Өткізілу ұзақтығы:

1 сағат (45 мин

Өткізілетін орны:

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 16 кабинет

Сабақтың мақсаты:

Нарықтық экономиканың мақсаттары мен міндеттерін студенттерге түсіндіру,тақырыпты ашу.

Күтілетін нәтежиелер:

Нарықтық экономиканың салаларымен таныса отырып, экономикалық білімдердің маңыздылығы

Сабақ түрі:

Лекция сабақ

Оқыту әдісі, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техник, педагогикалық технология:

Сұрақ —жауап; түсіндіру, әңгімелесу; ізденіс; топпен жұмыс

Қажетті құралдар мен құрылғылар:

Оқулық, лекциялық материалдар, тақта, интерактивті тақта

Қосымша әдебиеттер:

Нарықтық экономика негіздері. Ж.Т.Ходжаниязова

Мұғаліммен байланысу ақпараттары:

Аты-жөні: Кайрбаева Маржан Нурбековна

Тел: 87784538479
E-mail: kayrbaeva74@mail.ru



Сабақтың жоспар-конспектісі

Сабақтың бағыты

Уақыты (минут)

Мұғалімнің әрекеті

Тыңдаушылардың әрекеті

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

1.Ұйымдастырушылық кезең

1

Сабаққа дайындықты тексеру

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру

журнал

2.Үй жұмысының орындалуын тексеру

8

Оқушылардың біліктігі мен дағдысын тексеру



Өтілген тақырыпқа сәйкес сұрақтар қою

Оқу құралдары, конспектілер

3. Негізгі кезең жұмысына білім алушылардың дайындығы

1

Аудиторияны бағыттату

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Интерактивті тақта

4.Қызмет тәсілі мен жаңа тапсырмалардың қалыптасуы

7

Көрсету элементтерімен дәріс

Тыңдау және конспектілеу, белсенді қатысу, талқылау

Тақта, ПК, проектор,

5. Мәліметтерді түсініп оқудағы алғашқы тексеруі

3

Қиындық тудыратын сұрақтар, тапсырмалар беру

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру

Тапсырма карточкалары

6. Жаңа білімді бекіту мен қызмет тәсілдері

2

Шешім табуда көмек көрсету бағыты

Жаңа тақырыпты конспектілеу

Тапсырма карточкалары

7. Білім мен жаңа қызметті қолдану

12

ТЖ орындауда кеңес беру үшін студенттерді аралау

Талапқа сәйкес тапсырманы орындау.

Тапсырма карточкалары,

8. Тапсырмаларды жүйелеу мен жалпылау

2

Қиындық тудыратын сұрақтар

Өздерінің ұсыныстарын енгізіп, оның іске асырылуына белсене қатысу

Проектор, ПК, интерактивті тақта

9. Білімді меңгеруде өзін-өзі бақылау мен бақылау және қызмет тәсілдері

2

ТЖ орындауда кеңес беру үшін студенттерді аралау

Жаңа тақырыпқа сай тапсырма беру, оқушы жұмысын бақылау.

Проектор, Пк, интерактивті тақта,

10. Қызмет тәсілі мен білімді түзету

2

Студенттерді қажетті қорытындыларға дейін алып келу

Оқушы білімін бір жүйеге келтіру.

Таратпа материалдар



11. Үй жұмысы туралы ақпараттандыру

2

Үй тапсырмаларын беру

Конспектіні оқып келу

Тақта

12. Сабақ қорытындысын өткізу мен рефлексия

3

Бағалау және студенттердің талдауларын тыңдау

Сабаққа жақсы атсалысқан оқушыны бағалау, оқушы белсенділігін арттыру

Журнал


САБАҚ №1.
Тақырып «Кіріспе»


Жоспар.

  1. «Нарықтық экономика негіздері» пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Экономика салалары

§1. «Нарықтық экономика негіздері» пәнінің мақсаттары мен міндеттері.
Экономика – бұл адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырушы ретінде қызмет ететін және барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы объект болып табылатын адам қызметінің саласы.
Кәсіпорын экономикасы дербес ғылымды білдіреді, оның оқу пәні кәсіпорын қызметі, шаруашылық шешімдерді жасау және қабылдау үрдісі болып табылады.
Экономика – бұл үш негізгі сұраққа жауап беретін ғылым:
· Нені шығару керек және қандай көлемде?
· Тауарды қалай және қайда шығару керек, қандай технологиямен және қандай көздерден?
· Кім үшін өндіру керек, оны қалай бөлу қажет?
«Нарықтық экономика негіздері» оқу пәні арнайы пәндерді меңгеруге арналған базалық білімдерді орнататын жалпыкәсіптік болып табылады.
Курсты меңгерудің мақсаты – қаржымен байланысты экономика саласының білімдері мен дағдыларына ие болу, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштерді жоспарлау мен есептеуді үйрену және экономикалық, қаржы және еңбек қорларын талдау.
«Нарықтық экономика негіздері» курсын оқытудың пәні кәсіпорынның саудалық ұйым ретіндегі мәні, кәсіпорын қорлары (негізгі, өндірістік қорлар, айналым құралдары, жұмыс күші, күрделі қаржы) және оларды қолдануды жақсартудың жолдары болып табылады.
Экономикалық реформаның қазіргі кезеңінде экономикада, макроэкономикада да, микроэкономикада да өзгерістер жүзеге асуда: нарықтық экономиканың қазіргі жүйесі қалыптасуда, бұл жүйе негізінде кәсіпорындардың экономикалық қызметінің сипаты мен әдістері өзгереді.
Ұлттық шаруашылықты талдау кезінде экономикалық зерттеулерде әдетте өріс,сала ұғымдары қолданылады.


§2. Экономика салалары
Жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табыстарды жасауға қатысу тұрғысынан өндіріс екі ірі салаға бөлінеді: материалдық өндіріс және өндірістік емес сала.
Материалдық өндіріске өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жүк көлігі, байланыс (материалдық өндіріске қызмет көрсетуші), құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану, ақпараттық-есептеу қызметін көрсету, материалдық өндіріс қызметі саласының берік түрлері жатады.
Өндірістік емес салаға тұрғын-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес саладағы қызмет көрсету ұйымдары), денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және әлеуметтік қамтамасыз ету, халықтық білім беру, мәдениет және өнер, ғылм және ғылыми қызмет көрсету, несиелеу және сақтандыру, басқару органдары аппаратының қызметі.
Экономика салалары мамандандырылған салаларға бөлінеді. Сала – ұлттық шаруашылықта біркелкі өнім және жалпы (ерекше) функцияны атқаратын еңбек бөлінісінің қоғамдық жүйесінде өндірістің ерекше жағдайларымен сипатталатын сапалы біркелкі шаруашылық бірліктерінің (кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер) тобы.
Өнеркәсіп саласы өндірілетін өнімнің экономикалық қызметінің біркелкілігімен, тұтынатын материалдардың бірыңғайлығымен, техникалық база мен технологиялық үрдістердің ортақтығымен, кадрлардың ерекше кәсіби құрамымен, жұмыстың өзгеше жағдайларымен сипатталатын кәсіпорындардың жиынтығын білдіреді.
«Өндірістік немесе халық шаруашылық кешен» деген ұғымдар бар. Халық шаруашылығында келесі кешендер қызмет етеді: аграрлық-өнеркәсіптік (АПК), әскери-өнеркәсіптік (ӘӨК), машина жасау, металлургиялық, химиялық-орман, құрылыс, отын-энергетикалық кешендер (ОЭК) және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет