«Досыңа хат жолда»әдісі (жеке жұмыс): Әр оқушы тәжірибе кезінде жүрген реакцияларды жазу керек.
Бағалау критерийі:
-Күкіртсутектің берілген заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жаза біледі
-Сульфид ионын сапалы анықтай алады
Дескриптор:
-Реакция теңдеулерін жазады
-Теңестіреді
-Түзілген сульфидтердің түсін анықтайды.
Қ.Б. Бірін-бірі бағалау «Бағдаршам әдісі»
(Тақтада дұрыс жауаптары шығады)
Деңгейлік тапсырмалар:
А
Суда еримейтін сульфидтердің формулаларын жазып, атау.
В
Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиетін сипаттайтын 2 реакция теңдеуін құрастырып жазу.
С
15 г темірді 6,5 г күкіртпен әрекеттестіріп, балқытты. Түзілген өнімдерді тұз қышқылымен өндегенде бөлінген газдардың көлемін тап.
Бағалау критерийі
-Сульфидтердің формуласын жазып, атауды біледі
- Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиетін сипаттайтын 2 реакция теңдеуін құрастырып жазуды біледі.
-Есепті шығаруды біледі
Дескриптор:
-Сульфидтердің формуласын жазып, атайды
-Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиетін сипаттайтын 2 реакция теңдеуін жазады
-Есепті толық шығарады.
Қ. Б. «Екі жұлдыз бір тілек»
Жауаптары тақтадан шығады .(Өзін-өзі бағалау)