(Ө) Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді.
Оқылым мәтіні Жазда атамның ауылына бардым. Атамның қорасында жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бар. Оларды «үй жануарлары» немесе «мал» деп атайды. Мен атама көмектестім. Малға шөп салдым. Қораны тазаладым. Мәтін соңындағы сұрақтар жеке қағаздарға жазылып, қобдишаға салынады. Бірнеше оқушы қағаздағы сұрақты таңдап, сол сұраққа ауызша жауап береді.
Сұрақтар:
Әлібек жазда қайда барды?