Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»



бет2/3
Дата30.01.2022
өлшемі111,99 Kb.
#116202
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақтың тақырыбы Амина

Қазақстан жетістіктері:

1991 жыл:

- 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланд

16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

- 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

- 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

- Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

- 5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепі

дік беру туралы Меморандумға қол қойды.

- Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

- ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:

- ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.

- 1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

- 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.
1997 жыл:

- Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

- Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.


- 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

- ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

- Білім заңы қабылданды.

- 11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

2002 жыл:

- Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

- «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

- Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

- Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2013 жыл:

- «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

- 2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл:

- Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

- Қостанай қаласына 80 жыл толды.

- Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

- Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті


- Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер

Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,

Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.

Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,

Қолда елімді  қасиетті Құраным.

Менің елім-Қазақстан,жүрегім,

Тек өзіңсің,Отан ана тірегім.

Аман болсын елім ,жерім,ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім.

Менің елім-Қазақстан,Отаным,

Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,

Арта берсің абыройың,атағың.

Жаса елім,жаса достық.бірлікпен

Көштн қалма,қалма және тірліктен.

Елім менің-Қазақстан,Отаным

Алға өрле үшінші мың жылдықпен.

Өткен-ау,заман не түрлі,

Қара нар өтпес қайғы төс асу секілді.

Тарланбас тарих тар жолдан шығып көсілді,

Түзейсің енді, түзейсің қазақ бетіңді.

Аймаңдай тарих

Аясы күн мен ай, жылдың,

Боздаумен жүріп, боздақтан талай айырылдым.

Сүрінбей өткен сүліктей қара айғырдың,

Жалында кеткен жалындарды ойлап қайғырдым.

Өткен-ау, өмір!

Өткен-ау, заман не түрлі,

Жығылған атан, жықпылды сайлар секілді.

Көркейіп күліп, көтеріп бүгін төсімді,

Түзейсің енді, түзейсің қазақ, бтіңді.

Алдыңда жылдар…

Алдыңда құздар бар шығар,

Алланың құлы, алдыңнан жол ашылар.

 

Республикам менің!



Тұлпардың беріп тынысын,

Кемел болсын ұлы ісің!

Орнасын ұлы даламда

Ынтымақ пен ырысың!

Егемендігім елдігім,

Баянды болсын теңдігің!

Дәуірдің күрестерінде

Үзілмесін белдігің !

Дарытпай бойға кеселді,

Шайқалтпай күміс кесеңді,

Әділдік жолмен алып қал

Тарихта кеткен есеңді.

Тамырын жайған тереңге

Төзімнің ұқсап  еменге,

Тамсанып тұрсын  өзге жұрт

Қазақтың елі дегенде!



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет