Қысқамерзімді жоспар №34-сабақ Сабақтың тақырыбы:Алтынемел ұлттық саябағының кереметі
Бөлім:
7-бөлім Қазақстан қорықтары Ө.Тұрманжанов «Қарлығаш, Дәуіт, Жылан»
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:6
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Алтынемел ұлттық саябағының кереметі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
6.3.1.1. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;
6.5.1.5. Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда қолдана алады;
Көпшілік оқушылар үшін: Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыра алады;
Кейбір оқушылар үшін:сыни ойын дәлелмен жеткізе біледі.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Мұғалім таратқанқима қағаздар бойынша топқабірігеді. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ;
2 топ;
3 топ.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
Қимақағаздар
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Сыныптастырының пікірін толықтырады.