41
Нұрсұлтан
Назарбаев
"Қазақстан
-
2030"
стратегиялық
бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені
мəлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі əскердің де іргетасы
қаланды. Ішкі əскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың
мүддесін қорғаушы - құқықтың тəртіп əскері. Бұл мектеп, отбасы жəне қоғам
жұртшылығының құқықтық тəрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының
бірі - оқушылар арасында заң тəртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын
жүргізуге кең жол ашып отыр. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары жəне
қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға
төзімсіздік, қоғамдьщ тəртілті сақтау да енеді.
Заңды білмеу — құқықтық мəдениеттің елеулі кемшілігі. Адамның
құқықтық мəдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс
қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы
адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал
жасайтын тəрбие құралдарының бірі - орынды тəртіп жəне мінез-құлық
тəрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мəдениеті дегеніміз - орынды тəртіп пен
мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты
қорғау іс-əрекетінің терең бірлігі.
Құқықты
құрметтеу,
əділдікті,
борышты,
жауапкершілікті,
заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп
заңдылықты сезіну құқықтық мəдениеттің құрамы екендігін түсіну қажет.
Тапсырмалар:
►
Өз пікіріңізді білдіріңіз. Үкімет заңдары, олардың тұлға тəжірибесіндегі
рөлі.
Құқықтық тəрбиенің отбасында алатын орны.
Заңтану мектептерінің негізгі мақсаттарын білесің бе?
●
Мəтін бойынша жаспар құрыңыз.
☺
Құқықтық мəдениет дегеніміз не? Сұрақ төңірегінде өз ойыңызды ортаға
салыңыз.
●
Мəтіндегі «Адамның құқықтық мəдениетіне» қатысты сөйлемге назар
аударып, есте сақтаңыз.
●
Монологті сұхбатқа айналдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: