42
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесі «Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі туралы заң қабылдап
Қазақстанның тəуелсіздігін жария етті.»
1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
дербес тəуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдум) нəтижесінде 1995 жылы 30
тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық өркениетті
даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі басты нормативтік актісі.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет.
Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық. Халық пен мемлекет
атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ, өзінің
конституциялық өкілдігі шегінде Парламенттің құқығы бар (3-бап).
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілетті органы (49-бап).
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан жəне
Мəжілестен тұрады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне
əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды: оның ең қымбат қазынасы – адам
жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1-бап).
(Қазақстан Республикасының Конституциясы)
СӨЗДІК:
жария ету-объявить
қабылдау-принять
тəуелсіздік-независимость
өркениетті-цивилизованный
басқару-управлять
билік-власть
Достарыңызбен бөлісу: