оқулықтардың көпшілігіне мықтап енген; оларда «синхронды (яки
кроссекциялық) зерттеу» - қоғам уақыттық статикалық перспективада
қарастырылатын зерттеу, ал «диахрондық (яки дәйекті) зерттеу» – уақыт
ағымын қамтып, әлеуметтік өзгерістерге баса көңіл бөлетін зерттеу деп
анықталды. Мұндай амалдар әлеуметтік өзгерістерді осы заманғы
(диахрондық) зерттеуге елеулі ықпал етті. Бұл зерттеу классикалық табиғи
метафора мен соған байланысқан бөлу мен қарама–қарсы қоюды мұра етіп
қабылдады, бірақ оны тікелей Конттан, Спенсерден және XIX ғасыр
әлеуметтануының мэтрлерінің емес, XX ғасырдың жүйелер теориясы,
функционализм, немесе құрылымдық функционализм сықылды ықпалды
бағыттары арқылы қабылдады. Аталмыш бағыт аясында талдап әзірленген
қоғамның жүйелік моделі органицизмге тән идеялар жиынтығын біріктіріп,
қорытты. Өзгерістерді талдауда әдетте пайдаланылатын тұжырымдамалық
аппарат, түгелімен ең алдымен жүйелік модельден алынады, тіпті ғалымдар
мұны түсінбесе немесе өздерін жүйелік және құрылымдық – функциялық
теориялардың жақтасушымыз деп санамаса да солай етіледі. Тек таяуда ғана,
«жүйелік модельге», қоғамның процесс тұрғысынан, қарастырылатын
«балама бейнесі» немесе морфогенетикалық көзқарас тұрғысынан қарсы
қойылды да, соның салдарынан әлеуметтік өзгерістерді зерттеуде
пайдаланылып келген тұжырымдамалар тиісінше модификацияға ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: