Садырова М. С


У. Ростоу бойынша модернизация сатылары



Pdf көрінісі
бет19/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
annotation15100
СОЦИАЛЬНАЯ СТРУКТУРА ОБЩЕСТВА, Диссертационная работа Бурхановой Д.К.
У. Ростоу бойынша модернизация сатылары. 
У. Ростоу бойынша модернизация процесі төрт сатыдан өтеді. 
1.
Дәстүрлі өмір кезеңі. Бұл қоғамда өмңр отбасы мен жергелікті 
тайпалар айналасында негізделген. Қоғам экономикалық дамудың 
бастапқы сатысында. Рухани өмір бай, бірақ материалдық жағынан 
қамтамасыз етілмеген.
2.
Экономиканың 
көтерілу 
кезеңі. 
Адамдар 
дәстүрге 
бағыныштылықтан арылып, экономикалық дамуға әсер ететін 
таланттарын 
падалана 
бастайды. 
Нарық 
пайда 
болды, 
индивидуалдық, тәуекелге бару, материалдық байлыққа қол жеткізу 
сияқты құндылықтар бой алады. 
3.
Технологиялық кемелділікке қарай алға жылжу. Бұл кезеңде даму 
идеясы кең қанат жаяды. Экономиканың көп жақты дамуы 
адамдарды 
өндірістік 
технологиялардың 
артықшылықтарын 


пайдалануға деген ұмтылысқа бағытталуына мәжбүр етеді. Қоғамда 
абсолюттік кедейлік деңгейі төмендеп, қала адамдарға тола 
бастайды. Негізгі білім баршаға ортақ болып, әйелдердің әлеуметтік 
жағдайы ерлерге жақыедайды. 
4.
Бұқаралық тұтынудың жоғары деңгейі. Бұқаралық өндіріс өндірістік 
товарларды тұтынуды ынталандыратындықтан экономикалық даму 
біртіндеп өмір сүру деңгейінің артуына алып келеді.Адамдардың 
товарлардың көп түрлілігіне деген қажеттілігі артады. Қазіргі 
кезеде бұл деңгейге жеткен елдер АҚШ, Жапония, Гонконг, 
Сингапур. 
Модернизация теориясы бойынша табыс деңгейі өте жоғары елдер 
жаһандық экономикалық дамуда төрт түлі маңызды рөлді атқарулары 
керек: тұрғындар санын бақылауға көмектесу; азық-түлік өндіруді 
ұлғайту; өндірістік технологияларды енгізу; шетелдік көмекті ұсыну. 
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары модернизацияның әр адамға шаққанда 
энергия тұтыну көлемін (У. Мур, Д. Медоуз), жанды және жансыз энергия 
көздерінің сандық арақатынасын (М. Леви), ескеретін операционалдық 
технологиялық анықтамалары беріле бастады.
Модернизация ілімінің көрнекті өкілдерінің бірі 
Сирил Э.Блек. 
Оның 
«Модернизация динамикасы: салыстырмалы тарихи зерттеу» атты 
еңбегінде модернизацияны білім рөлінің артуымен және интеллектуалдық 
өзгерістермен байланыстырады. Ол өзгерістерге бейім элитаның пайда 
болуына ерекше назар аударады. Экономикалық өзгерістер қолда барды 
және қаржыны тиімді пайдаланудан кқрініс тапса, әлеуметтік өзгерістер 
тек әлеуметтік құрылымнан ғана емес, сонымен қатар урбандау 
процесінің қарқынымен, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен және 
мамандану сипатымен айқындалады.Ал психологиялық өзгерістер жеке 
адамның табысқа бағыттылығымен, индивидуализмнің үстемдік етуімен 
сипатталады. 
Қазіргі 
кезде 
модернизм 
тарихи 
процесс 
ретінде, 
қоғамды 
модернизациялау 
әлеуметтік 
жүйе 
ретінде, 
тұлға 
әрекетін 
модернизациялау және т.б. мәселелер модернизация теорияларының 
қарастыратын негізі бағыттары болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет