ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,8 Mb.
#31332
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/03-2013


ПОӘК

«Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі» пәні

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі»


«5В011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013


Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


1 ГЛОССАРИЙ

Дәрістердің қысқаша мазмұны

1,2 дәріс. Химияны оқыту үрдісіндегі химиялық эксперимент.

Жоспар:

Дәрістердің қысқаша мазмұны

1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы..
2. Химиялық эксперимент түрлері.

1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы.
Химияны оқытудағы маңызды рөлді-оқу процесінің құрамдас бөлігі химиялық эсперимент алады.

Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп,практикалық түрде меңгерілуі керектігінде.

Тану- нақты денелерді,құбылыстард,процесс,фактілерді сезіну мен қабылдаудан басталып, меңгерілу мен абстрактілуге өтеді.

Химиялық түсінік- бұл қабылдау негізінде қалыптасатын,химиялық құбылыстар мен процестердің белгілері жайындағы сәйкес біліктілік. Олардың анализі оның қасиетін тануда мүмкіндік беріп,осының негізінде химиялық заңдылықтар орнатылады.

Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады.

Түрлі химиялық эксперименттерді пайдалана отырып,мұғалім теориялық білімді нақтылап,практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді.Химиялық эксперимент оқушыларға фактілерге негізделіп,теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеп көз жеткізеді.

Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады.

Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай,сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады.

Химиялық эксперимент бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:


  • тәжірибені қоюды түсіндіру

  • жоспарлау мен жүргізу

  • алынған нәтижелерді бағалау.

Эксперимент алдын-ала білімге сүйеніп жүргізіледі. Тәжірибені теоричлық меңгеру оның қолданылуына әсер етеді. Қабылдау-мақсаттылыққа, белсенділікке апарады.

Экспериментті жүргізу гипотезамен байланысты. Жұмысқа оқушыларды араластыру олардвың ойлау қабілетін арттырып,жаңа білім игеруге септігін тигізеді. Химиялық жксперимент проблемалық жағдайдың тууына да, оның шешілуіне де жағдай жасайды.Сәйкесінше,эксперимент оқушылардың білімін арттыруға септігін тигізеді,ал оқытушы оқушылардың ойлау процесін қадағалап отыруға мүмкіншілік алады.

Химия бағдарламасы химиялық экспериментті кең көлемде пайдалануды ұсынады-демонстрация,зертханалық тәжірибелер,практикалық сабақтар және эксперименттк есептер.


  • Химиялық эксперимент-түрлі дидактикалық функцияларды түрлі формада,түрлі оқыту әдістерімен сәйкестендіріп орындай алады.

  • Химиялық эксперимент оқушылардың өзін-өзділігін біртіндеп дамытатын принципке негізделген жүйеден тұрады:демонстрациялық құбылыстардан,фронтальді зертханалық тәжірибелерді оқытушы басқару мен жүргізу,практикалық тапсырмаларды орындаудағы өздік жұмыс және эксперименттік есептер шығару қарастырылған.

  • Демонстрациялық экспериментті жүргізу оқушылардың түрлі химиялық құбылыстармен ,олардың арасындағы өзара байланыстылық- пен,заңдылықпен,құрылғы мен қондырғылармен жұмыс істеу принциптерімен,жүріп жатқан процестермен терең танысуларына мүмкіндік береді.

  • Демонстрациялық эксперимент әртүрлі мақсаттарда жүргізіледі,

мысалы,қандай да бір теориялық жағдайды меңгерудегі бастапқы этап ретінде көрсетілуі мүмкін (электролиттік диссоциация сатысының жағдайға тәуелділігі),мұғалім «диссициация дәрежесі ерітіндінің концентрициясына тәуелді ма?» деген сұраққа жауап сұрайды. Осылайша концентрлі және сұйылтылған сірке қышқылының электр өткізгіштігіне демонстрациялық тәжірибе жүргізіледі. Тәжірибе нәтижелерін салыстыра отырып,оқушылар электролиттік диссоциация дәрежесі ерітіндінің концентрациясына тәуелді екенініне және ерітінді сұйылтылған сайын диссоциация дәрежесі жоғарылайтынын байқайды. Демонстрациялық эксперимент мұғалім айтқан теориялық жағдайдың дұрыстығын дәлелдейді.

Мысалы,кейбір тұздарды жаққанда ұшкыш қышқыл бөлінетіндігіне дәлел ретінде, мұғалім нитраттардан азот қышқылын алып,оның спецификалық қасиеттерін көрсетеді,немесе металдардың химиялық қасиеті жайлы айта отырып,металдардың бейметалмен және сумен әрекеттесуін көрсетеді.

Сонымен қосa мұғалім эксперименттің мақсатын дұрыс қоя білуі керек. Түсіндіру арқылы алынған нәтижелерді анализдеп,теория мен тәжірибелік нәтижелердің өзара байланыстылығын көрсету қажет.

Зертханалық тәжірибелер мен сарамандық жұмыстарды жүргізе отырып,оқушылар химиялық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеп,олардың нақтылығына көз жеткізеді,осылайша олардың біліктіліктері артады. Кейбір тәжірибелерді жүргізу кезінде шығармашылық бағыттары оянады-білімді жаңа бағытта шыңдау.

Бұл химияның әрбір бөлігінен алынған білімнің қайталанылуына, бекітілуіне,тереңдетілуіне,кеңейтіліп,жүйеленуіне себебін тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларда реагенттер мен құрылғыларды қолдана білудегі біліктіліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Осының бәрі оқушылардың политехникалық дайындықтары мен теориялық білімдерін арттырады.

Эксперименталды тапсырмаларды орындай отырып,оқушылар өздерінің біліктілігі мен дағдыларын жаңғыртып,теориялық білімдерін нақты тапсырмаларды шешуде қолдана білуге дағдыланады.

Сондай-ақ,оқушыларға үй тапсырмасы ретінде де тәжірибелік жұмыстар беруге болады. Үй тапсырмасына берілген тәжірибелер мен бақылаулар қарапайым эксперименттерден тұрады,мұғалім тарапынан қадағалауды талап етпейді. Мұндай тапсырмаларды орындау біліктілік пен алынған білімді өз бетінше жаңғыртуға уйренуге дағдыландырады.

Бақылау- біліктілікті арттыру әдісі ретінде химиялық экспериментті жүргізуде кең қолданылады. Оқушылардың шығармашылығы мақсатқа бағытталып,тапсырманы нақты қоя білуде,оны орындай білуде белсенділігін арттырады. Мысалы,гер оқушылар мыс (//) сульфатының электролизін бақылайтын болса онда маңыздысы-тұз түсінің өзгеруі,электродта қызыл дақтың,ауа көпіршіктерінің пайда болуын бақылайды. Эксперимент нәтижелерін оқушылар теориялық ақпаратпен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізеді.

Тәжірибелік бақылауда,сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функцирленеді. Осылайша,оқушылар түс,иіс,дәм,тығыздық,зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатын тани алады.

Нақты сұрақты бекітуде эксперимент - сабақтың маңызды бөлігі болуы керек. Оқушылар эксперимент не үшін қойылатынын,қандай теориялық жағдайды дэлелдейтінін,қандай сұраққа жауап беретінін білуі керек. Мысалы,металдардың химиялық қасиетін түсіндіре отырып,мұғалім «Барлық дерлік металдар сумен әрекеттесе бере ме?» деген сұрақты қояды. Мұғалім орындаған демонстрациялық тәжірибеден кейін,оқушылар өздігінен қорытынды шығарады:кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар сумен әрекеттеседі.

Эксперимент нәтижелерін анализдеу-тәжірибе барысында қойылған сұраққа жауап алу,себептер мен жағдайларды нақтылау үшін өте маңызды. Сонымен қоса,дұрыс ұйымдастырылған эксперимент дисциплинаның сақталуына тәрбиелейді,шығармашылық инициативтің дамып,жеке меншіктерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелейді.

Зертханадығы жұмыс жағдайы, ондағы ұқыптылық та оқушылырға тәрбиелік жағынан әсет етіп,дисциплинаның сақталуына септігін тигізеді. Зертханада үнемі тазалық сақталуы керек; құрылғылар мен реактивтердің сақталу жүиесі қатаң түрде орындалуы керек; қатты заттар – топ бойынша, ерітінділер – қосылыстардың негізгі класы және ктион, анион бойынша ; органикалық заттар- қосылыстар класы немесе фунционалдық топ бойынша арнайы химиялық шкафтарда сақталуы қажет. Шкафтарда ыдыстар мен құрылғылар орын орнымен орналасуы керек.

Орындалатын эксперименттік жұмысқа алдын ала жүйелі түрде теориялық дайындық оқушыларда қызығушылықты оятады,яғна олар сабақ кезінде белсенділік танытады. Жұмыстың барысын дұрыс түсіну,сондай-ақ орындалған жұмыстың дәптерге дұрыс, талап бойынша толтырылуы да оқушылардың тәжірибелік біліктіліктерінің дұрыс қалыптасуына себеп болады.

Оқушылырда өздеріне деген сенімділікті арттырып, қиыншылықты жеңу үшін жұмыстың дұрыс орындалып,күтілген натижелерді алуларына жағдай жасау қажет.

Сондай-ақ, дифференциалдық көмек көрсетудің де мыңызы зор: әрқайсысының жұмысын бақылау, қалай жоспарлап, қалай жұмыс жасап жатқандарын, экспериментті жүргізу техникасын мен біліктіліктерін қалай пайдаланып жатқандарын, құбылыстарды түсінулерін, қорытындылауларын бақылап, толықтырып отыру қажет. Әр оқушы материалды өздігінен, құбылыстарды теориялық білімдерімен ұштастыра отырып, соған сәйкс қорытынды жасай білуге дағдыландыру керек. Сонымен қоса, тәжірибе орындау кезінде рективтер мен құралдарды қолдану тәртібін жетік меңгерулері қажет.

Әсіресе жұмыстың орындалу орындалу техникасына көп мән берілуі тиіс: қалай заттарды еріту керек, ерінділерді қандай ыдыстарда қыздыру керек, индикатор ерітінділерді қосу, тағы да басқа жағдайларға мән берілуі тиіс.

Көрнекі жерге техникалық қауіпсіздік ережесі ілулі болу керек, және әр бәр оқушы онымен таныс болулары және сол тплптарды сақтулары тиіс. Бұл бағыт ұйымдастырушылық пен тәтіпке үйретеді. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізіп отыру фактілерді бақылауға, теориялық білім көмегімен оларды түсіндіре білуге , эксперименттік біліктілік пен дағдыларын арттыруға, жұмысты жоспарлай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады.

Химиялық эксперименттің функциясы

Химиялық эксперимент әр түрлі функция атқарады.



Химиялық эксперименттің эвристикалық функциясы а)деректерді; б) ұғымдарды және в) заңдылықтарды тағайындаудан көрінеді.

а) мысал ретінде газ тәрізді сутегінің мыс(II) оксидімен әрекеттесуін келтіруге болады.Мүндай тәжірибе арқылы оқушылар сутектің белгілі бір жағдайда металл оксидтерімен әрееттесіп, оларды жай зат металдарға дейін тотықсыздандыратынын тағайындайды.

б) Химиялық эксперимент ұғымдарды қалыптастыруда үлкен мүмкіндік жасайды. Мысалы «Оттегі» тақырыбын оқып үйрену кезінде мұғалім асқын тотықтың ыдырауы арқылы оттегінің алу әдісін көрсетеді. Ал, марганец тотығын пробиркаға енгізу арқылы асқын тотықтың тез ыдырауын көрсету арқылы, оқушыларға катализатор ұғымын бере алады.

в) «Химиялық реакциялардың жүру заңдылығы тәжіприбесі арқылы реакция жылдамдығына әрекеттесетін заттар концентрациясын, жанасу ауданының әсерінт.б факторлардың әсер ету заңдылығын тағайындауға мүмкіндік туады.



Химиялық эксперименттің түзетуші функциясы теорияялық материалды игерудегі қиыншылықты және оқушылардың қателігін түзете алу кезінде көрінеді. Оқушылар көбінесе мыс сым күкірт қышықылы,тұз қышқылдарымен әрекеттескенде сутегін бөледі деп есептейді, оны тәжірибе жасау арқылы бұл түсініктің қателігіне көз жеткіземіз.

Химиялық эксперименттің қортындылаушы функциясы әр түрлі эмпирикалық қортындылардан алғышарт жасай отырып, жалпы қортынды жасауға мүмкіндік жасайды.Мысалы әр түрлі класстағы заттардың электролиттерге жататынын айтуға болады.

Химиялық эксперименттің зерттеушілік функциясы мәселелік оқыту кезінде байқалады.

Химиялық эксперимент түрлері

Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы оқушы өздігінен жүргізетін практикалық, зерханалық эксперименттік жұмыстар – оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ , эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент(мысленный эксперимент).

Бұл жерде мектептегі химиялық эксперимент түрлерінің нақты терминологиясы ұсынылмағанын айта кету керек. Бұл жағдай әдістемелік әдебиеттерге де, мектептің практикалық жұмыстырында да түсініспеушілік туғызады, себебі осындай терминдермен оқушы мен мұғалімнің шығармашылық іскерліктері бірдей көрсетіледі. Олардың арасындағы айырмашылық тек қана ұйымдастырушылық қатынаста ғана емес, мазмұны мен мақсатында да бар.

Бұл жерде тагы да қарама – қайшылық туады, әртүрлі пәндерге бірдей аталатын терминднрді қойса- химия, биология, физика, тағы басқалары; «Демонстрцилық эксперимент» терминіне барлығы бірдей мағынада түсініктеме береді. Бірақ, әнгіме оқушылардың өздік жұмыстары жайында болса, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара түсіністікке келулері оңай болмайды. Мысалы, «Практикалық сабақ» физик мұғалім химия, биологияның практиклық сабағынан мүлде ерекше, физикадан зертханалық жұмысын түсінеді. Материалдық жағдайға қарай, мектепте физика кабинеті қазіргі заманғы талаптарға сай, жеке жбдықталған болуы керек, яғни мұндай кабинетте химиядан сабақ өткізу мүмкін емес. Сол сияқты, биологиядан да оқушылардың практикалық сабақтары өзгеше ұйымдастырылады. Сондықтан да, бір терминге әр пән мұғалімі әр түрлі түсінік береді.

Xимиялық оқу экспериментінің түрлері :

• демонстрациялық эксперимент;

• зертханалық тәжірибелер;

• зертханалықжұмыстар;

сарамандық жұмыстар;

• эксперименттік практикум;

• үй эксперименті.

Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:



  • жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент;

  • жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;

  • қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;

  • оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары.

Көрнекі тәжірибе емонстрациялық эксперимент) . Демонстрациялық эксперимент – химияны,сондай-ақ тағы да басқа жаратылыстық ғылымдарды (биология,география,т.б) оқытудағы бірінші әдістің бірі. Алғашында жоғары оқу орындарында қолданылатын демонстрациялық эксперимент ғылыми докладтарда, конференцияларда, үлкен лекцияларда кең қолданыла бастады. Уақыт өте келе демонстрациялық эксперимент мектептерде де ене бастады. Бұрынырақта демонстрациялық эксперимент – сыныптық эксперимент терминімен алмасып келген.

«Демонстрация» термині көрнекі – элюстративті әдістерде қолданылады. Мысалы, минерал,заттардың коллекциясын,моделін,суретін,схема,диограмма тағы да басқалары тәрізді көрсету. Бірақ мұндай демонстарцияларды жасанды құбылысқа негізделген демонстарциялық экспериментпен шатастыруға болмайды.

Демонстрациялық эксперимент – оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі.

Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына,оның нәтижелерін бақылауға аударылады. Мұғалім тәжірибені демонстрациялаумен қатар,құбылыстарды түсіндіріп отырса,оқушылар да материалға жеңіл қарап,салғырттық танытпайды. Осылайша мұғалім оқушылардың назарын тікелей тәжірибеге бағыттап,құбылыстарды түсіндірмелер арқылы бақылауға уйретеді.

Бұл жағдайда мұғалімнің іс-әрекеттері сиқырлы манипуляция ретінде емес,онсыз тәжірибе жүруі мүмкін болмайтын қажеттілік ретінде қабылданады. Зертханалық тәжірибемен салыстырғанда демонстрациялық тәжірибеде бақылау – жоғары ұйымдастырылған түрде болады. Бірақ,демонстрациялық тәжірибе біліктілік пен білімділіктің жетік дамуына үлес қоспайды,ол үшін зертханалық тәжірибемен,сарамандық жұмыстармен және эксперименттік тапсырмалармен толықтырылуы керек.

Демонстрациялық эксперимент қандай негізге сүйеніп және қандай жағдайларда жүргізіледі?

Бұндай жағдайлар көп,әрі түрлі болып келеді:



  • экспериментті қою кезінде оқушыларға қажетті мөлшерде құрылғылар жетіспесе

  • тәжірибе өте күрделі,оқушылар оны өздігінен жасай алмайтын жағдайда

  • берілген тәжірибені орындау үшін оқушылар қажетті техниканы меңгере алмаса

  • тәжірибені жасау реактивтің аз мөлшерімен жүргізіледі немесе кішігірім масштабта қажетті нәтижені алу мүмкін болмаса

  • тәжірибе қауіпті болса ( сілтілік металдармен жұмыс,электр тогының қатысымен болатын жұмыстар,тағы да басқалары )

  • сабақта жұмысжасау деңгейін көтеру үшін.

Демонстрациялық эксперименттің негізгі мақсатының бірі оқушыларда мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеуге деген ықыласын туғызу.

Әрине,бір көрсетіліммен оқушылардың олармен жұмыс істей алу қабілетін арттыру мүмкін емес,бірақ,оқушы өзінің кемшілігін түсінеді,осылайша ол мұғалімнің демонстрациясына көңіл бөлуге ықылас танытады. Мұғалімның іс-әрекетіне үнемі мән беріп бақылап отырса,келесі сабақтарда өз бетінше жұмысты атқара алуы оңайырақ болады. Сонымен қатар,оқушы үнемі мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеп сабақ алып отырғандықтан,оқушылардың алдында ұқыптылық танытып,уақытты үнемдеп,нәтижені ойдағыдай етіп алынуы мүмкін тәжірибелерді жасау керек.

Қиын эксперименттерді жасауда,кейбір оқушылардың қолына беруге болмайтын реагенттер бар тәжірибе,кей мектептерде барлық жоспарланған тәжірибелерді орындауға мүмкіндік беретін құрылғылр жеткіліксіз және оқу жылының басында,оқушыларда эксперименттік техникалық мүмкіншіліктері дағдыланбаған жағдайларда – демонстрациялық эксперимент қойылады. Тіпті, Либих тоңазытқышы арқылы суды айдау,аммиакты еріту кезінде фонтан алу,тағы да басқалары осы демонстрациялық тәжірибе арқылы жүргізіледі.

Күрделі тәжірибелердің көбісі органикалық химия курсында кездеседі. Оқушылар арасындағы күрделі эксперименттің ролі ерекше,себебі зертханаға кірген бойда мұғалімнің демонстрациялық стөлінде орналасқан алуан түрлі реагенттер мен құрылғы, материалдарды байқаған оқушыда қызығушылық оянады.

Қорыта келгенде,қарастырылып отырған эксперименттің күрделілігі мен оқушыларға өздігінен орындау мүмкіншілігі жоқ жағдайда демонстрациялық экспериментті қолданудың өте тиімділігі байқалады.

Демонстрациялық экспериментті қоюдaғы тағы бір жағдайы – «қауіпті тәжірибелерді» орындауда.

Айта кететін жағдай,мектептегі химия курсында қауіптілігі белгілі,арнайы қауіпті деп танылған эксперимент қарастырылмаған. «Қауіпті» және «Күрделі» тәжірибе түсінігі мұғалім мен оқушылардың эксперимент техникасын меңгере білулеріне және эксперименттік техникалық қабілеттері болуына байланысты.

Демонстрациялық тәжірибелердің келесі тобын –оқушыларға өздігінен орындатуға да болады. Бірақ материалды жақсы түсінуі,құбылыстардың қасиетін жетік түсінуі үшін мұғалім демонстрациялық эксперимент қояды. Мысалы, жеке немесе топ болып сынауықта оттекті алуды және сол оттекпен кейбір тәжірибелерді оқушы орындай алады. Бұл жерде мұғалім оттегін көп мөлшерде алып,оттегімен газометрді толтырады,сәйкесінше оттегінде түрлі заттарды- металл,бейметалдарды жағады да өнімдерді зерттейді.

Көптеген химиялық заттармен жүргізілген химиялық эксперимент көмегімен оқушылар құбылысты терең түсіне алу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұндай эксперименттер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ,ұзақ уақытқа дейін таңданыс тудырады.

Өтілген материал жөнінде көрнекі демонстрациялар оқушыларда жағымды эмоционалды әсер қалдырады.

Демонстрациялық тәжірибелердің жиі, әрі көп мөлшерде өткізілуі, мұғалімнің пән бойынша жұмыс темпін жоғарылатуы мақсатында болады, әсіресе егенр сынып өтілуі тиіс материалдан қалып келе жатса. Мұғалаі экспериментінің оқушы экспериметінен екі есе жрғары болатыны белгілі.

Сонымен қатар, психологтардың және тәжірибелі мамандардың бақылауы бойынша сабақтың жылдам өтілу темпі оқушылардың қабылдауына кері әсер ететіндігін көрсеткен, оқушылардың зейіндері жан- жақты болып, ойларын жинақтауы төмендейді.

Сондықтан, барлық курсты тек бір ғана эксперимент кезінде көрсетіп кетуге болмайды: оқу планы бойынша осы курсқа бөлінген уақыт оқушыларға пәнді меңгеруге қажетті экспеиментті түсіндірулеріне мүмкіндік бермейді.

Тәжірибені орындау реактивтердің аз мөлшерінде жүргізілетін болса, немесе күтілген нәтижелерді берс\месе, я тіпті реакция жүрмеген жағдайда демонстрациялық эксперимент қойылады.

өнім алынатын тәжірибелер, мысалы, егер нәтижесінде кішкене металл бөлінгін алу мақсаты қойылған болса, алюмотермиялық реакцияларды сынауықта жүргізуге болмайды. Жанып жатқан бензинді өшіру үшін жеткілікті мөлшерде газ болу керек, күкіртті газды жағу үшін де белгілі мөлшерде ғана газ алу керек. Міне осындай жағдайлардың бәріне демонстрциялық эксперимент қою дұрыс болды.

Сыныптық фронтальді жұмыс қатарына күкірт қышқылын контактілі әдіспен алу, тұз қышқылын марганецтің қос тотығымен тотықтырып хлор алу, аммиактың оттегінде жануы, азот қышқылын селитрадан алу, тағы да басқа эксперимент түрлерін кіргізуге болмайды.

Тәжірибені жүргізуге реактив мөлшері аз, құрылғылар жетіспеген жағдайда, өтілетін материалды оқушылар терең түсінулері үшін мұғалімдер демонстрациялық тәжірибелерді қоюға мәжбүр болады.

Сонымен қатар химиялық демонстрациялық эксперименттер келесі талаптарға сәкес болулары қажет:



  • көрнекі болу ( демонстрациялық столда болып жатқан барлық құбылыстар оқушыларға жақсы көрінуі керек)

  • жұмысты орындау техникасы қарапайым әрі түсіеуге жеңіл болуы

  • нәтижелер теориялық фактілерге сай болуы

  • оқушылар эксперименттің құрамын түсінуі үшін эксперимент алдын ала мұғаліммен тексеріліп, дайындалған болуы

  • қауіпсіз болуы керек.

Демонстрацялық эксперименттің педогогикалық эффективтілігі, оның білімге, эксперименттік біліктілік пен дағдыға оң әсер етуі – эксперименттің жүргізілу техникасына байланысты. Бұның астарында арнайы демонстрациялық экспериментте қолдануға арналған приборлар мен құрылғылардың экспериментте қолданудағы сәкетігі жатыр, мұғалім кабинеттің жабдықтарын, әр приборды бөлек – бөлек қарастырып, демострациялау техникасын қайталап отыру ықажет. Соңғысы демонстрацияны өткізу процесіндегі аппараттар мен құрылғыларды дұрысқолдануға негізделеді, экперимент нәтижелілі, әрі көрнекі болуын қамтамасыз етеді.

Демонстрациялау әдістемесі- демонстарияның эффективтілігі , оның оқушылармен жақсы, терең түрде қабылдануындағы іс- әрекеттің үйлесімділігі. Демонстрацияның әдістемесі мен орындалу техникасы өзара тығыз байланысты, әрі демонстрациялық эксперименттің технологиясы болып табылады.

Демонстрацялық экспериментті жүргізудегі ескеру қажетті маңызды нәрсе : әрбір тәжірибені орындау техникасы тұрғысынан тексеру, реактивтердің сапасын, құралдар мен құбылыстардың оқушыларға көрнекі екенін және қауіпсіздігін тексеру.

Кей жағдайда демонстрациялық столға екі құрылғыны- бірі тәжірибе жасауға дайын құрылғы, екіншісі осы құрылғының жинақтылмаған түрін қою дұрыс болады. Бұл оқушыларға құрылғының қасиетін, мүмкіншілігін жақсы түсінуге көмектеседі.

Әрбір нәтжесіз қалған демонстрациялық эксперимент мұғалімнің оқушлар алдындағы беделіне кері әсер ететенін есте сақтау керек .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет