Стакан және Шыны таяқшаСтақан - зертханада ең жиі қолданылатын ыдыс. Қоспа/Ерітінді дайындау үшін қолданылады. Мысалы тұзды суда еріту қажет болғанда, стақанда араластып дайындаған ыңғайлы. Стакан ішіндегі химиялық заттарды жақсылап араластыру үшін шыны таяқша қолданылады. Пластик немесе метал таяқша қолданылмайды, себебі олар стақандағы химиялық заттармен реакцияға түсіп кетуі мүмкін.
Өлшегіш колба Өте нақты көлемде ерітінділер дайындау үшін өлшегіш колба қолданылады. Сонымен қатар сұйылтылған ерітінділер дайындау үшін қолданылады. Бір колба тек бір көлемге сәйкес болады.
Құйғы Сұйық затты немесе қатты затты бір ыдыстар екінші ыдысқа ауыстырғанда құйғы пайдаланамыз, себебі ол ыңғайлы, және төгіп-шашылуды болдырмайды
Сынауық және Сынауық ұстағыш Химиялық заттың шағын көлемімен жұмыс жасауға арналған ыдыс. Мысалы, сынауықтың формасы ұзын жіңішке болғандықтан, ерітіндіде болып жатқан өзгерістерді көзбен бақылау ыңғайлы. Сынауықты қыздыру қажет болғанда, немесе сынауықтың ішңнде қауіпті химиялық заттар болғанда сынауықты қолмен ұстауға болмайды, ыңғайлы болуы үшін сынауық ұстағышты пайдаланамыз
Спиртшам Спиршамның ішінде спирт болады. Зертханада спиртшамдар жиі қолданылады себебі басқа шамдармен салыстырғанда қауіптілігі төмен
Кәрлен табақша Кейбір реакциялар үшін ұзақ қыздыру қажет болса, кәрлен табақшалар қолданылады, себебі олар жоғары температураға төзімді
Сүзгі қағаз Ерітінді құрамында қажетсіз тұнба немесе түйіршік бөлшектер болса, сүзгі қағаз арқылы сол түйіршіктерді бөліп алуға болады. Яғни, қағаз суды өткізерді, бірақ тұнбаны ұстап қалады