ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,8 Mb.
#31332
1   2   3   4   5

Дәріс 7,8. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі

Жоспары:

1. Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі.


2. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үрдісінде байқаудың ролі.

3. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі.

4. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың саралау қыры..
5. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды бақылау және бағалау.

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль


Сондықтан орта мектептегі оқу процесі оқушылардың алатын білімін
Болашақ химия мұғалімі химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары
Жалпы психология-педагогикалық әдебиеттерде өз бетімен жұмыс істеу ұғымына
Бұдан оқушылырдың өзіндік жұмыс істеу дағдысын химиядан зертханалық
Оқушлардың танымдық іздемпаздығын қалыптастыру проблемаларын шешуде В.И.Загвязинский, Д.В.Вилькеев,Б.П.Есипов: “Белсенділік шәкірт ақыл – ойының өзбеттілігінің белгілі
И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық өзбеттілік ұғымдарының ара
Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай түсінетіне сүйене отырып,
Т.И.Шамованың еңбегінде белсенділік пен өзбеттіліктің ұғымдары ажыратылмаған ,
В.А.Крутецкий оны зерттей келе мынандай қорытынды жасайды: “Шығармашылық
Атақты психолог С.Л.Рубенштейн былай деп жазды: Ойланып істелген іс- әрекетердің себептілігі және оның негігізділігі. Педагогикалық жүйе ретінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен басқару сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. Өз бетінше жұмыс істеу деңгейі студенттердің оқу қызметін ұйымдастырудың түрлі формаларында әр түрлі болатындығы дау тудырмайды жән ол өзіндік жұмыстырды ұйымдастыруға, сабақты өткізу әдістемесіне, студенттің зияттылық дамуы мен академиялық дайындығына, оқытушының педагогикалық біліктілігіне және жұмыс істеу стиліне тәуелді болады.

Онымен қоса студенттің өзіндік жұмысының құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, бұл да қосымша қиындық туғызады

Студенттің өзіндік жұмысын жоспарлауда студент атқаруға тиісті жұмыс аймағы белгіленеді. Студенттердің танымдық әрекетін басқару студенттің танымдық құралдар мен әдістерді қолдануға арналған нұсқауды уақытында алуына негізделеді де олардың жұмысты қалай орындағандары бақыланып отырылады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары зертханалық және сарамандық жұмыс кезінде де ұйымдастырылатыны белгілі. Зертханалық-сарамандық жұмыстар жоғарғы оқу орнында студенттердің ғылыми-зерттеушілік дағдылары мен қазіргі заманғы химиялық экспериментті орындау техникасын қалыптастыруға негіз болады.

Қалыптасқан практика бойынша жалпы оқу уақытының 60 пайызы зертханалық-сарамандық жұмысқа бөлінеді.

Зертханалық жұмыстардың басты міндеті теорияны іс жүзінде сарамандықпен байланыстыру. Ал ғылыми эксперимент табиғат құбылыстарын зерттеуде, дүниені тануда ең басты әдіс болып табылады.

Зертханалық және сарамандық сабақтардың негізі болып табылатын химиялық құбылыстар мәні мен заттардың қасиеті жайлы терең білім эксперименттік және теориялық зерттеу әдісінсіз мүмкін еместігі белгілі. Сарамандық сабақтар сәйкес теориялар тұрғысынан құбылыстардың жүру барысын сипттауға, заттар қасиетінің әр түрлі жағдайда өзгерісін түсіндіруге мүмкіндік беретін эксперименттік факторлардың талдануының алғышартын білдіреді. Зертханалық сабақтар ғылыми жолмен қойылған тәжрибе ретінде, зерттелуші құбылысты нақты есептелген жағдайда бақылауға, процестің жүруін қадағалауға және оны әр жолы осындай жағдай барысында қайталап жүргізуге арналады. Зертханалық – сарамандық сабақтар барысында студенттер мәселені қою әдістемесін, икемділігін меңгеруге, оны эксперименттік жолмен, тұжырым шығару мен шешуге жаттығады. Студенттердің зертханалық жұмысқа өз бетімен әзірленуі, жұмыс барысын үйден конспектілеуі, зертханалық жұмыс кезінде орындалатын химиялық эксперименттердің химизимін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, теңестіруі, зертханалық жұмыстарды зертханада барлық қауіпсіздік техникасын қолдана отырып орындауы, нәтижесін бақылап, қорытындысын шығаруы, зертханалық жұмыс есебін тапсыруы зертханалық жұмыс үстіндегі студенттің өзіндік жұмыс түрлері болып табылады.

Осымен қатар студенттер зертханалық жұмыс тақырыбына байланысты теорияны үйден дайындап келіп, зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алуы да өзіндік жұмыс ретінде қарастырылады. Зертханалық-сарамандық сабақтарда өзіндік жұмыстың орындалуын бақылау оның оқу еңбегін белсендіруге жағдай туғызады.

Студенттердің өзіндік жұмысы ретінде бұрыннан қолданылатын жұмыстың бірі сандық есептер шығару болып табылады.Сандық есептер сарамандық сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта шығарылады.

Химиялық білім беруде оқытудың бір тәсілі ретінде сандық есептер шығару маңызды орын алады. Химиядан сандық есептер шығару арқылы химияның оқу материалы терең меңгеріліп, алынған білім, білік, икемділік, дағдылары дамытылады, студенттер алған білімін өз бетімен қолдануға жаттығады.

Химиялық білім нақты, тұрақты болу үшін оқушы алдымен ұсақ, соңынан ірі мәселелерді шеше алатындай болуы керек. Яғни шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, ақыл-ой әрекеті жетілген студент химиялық есептерді қиналмай шығарады. Бұл оның күрделі ойлау қабілетінің жоғары сатыда екенін дәлелдейді.

Химиядан сандық есептерді шығаруға үйрету мәселесін психологиялық тұрғыдан зерттеу мынаны көрсетіп отыр. Сандық есеп шығару дағдысының қалыптаспауы студенттің көп нәрсені ескермегендігінен туындайды.

Мысалы химиядан сандық есепті шығару кезінде:


  • студент көбіне есепті оқытушы көрсеткен жолмен ғана шығарады да, өз бетімен есептің басқаша стандартты емес шығару жолын қарастырмайды;

  • студент есеп шығарып отырып есептің мағанасына көңіл аудармайды, өзінің іс-әрекетін дұрыс пайымдамайды;

  • көбінесе есептің мазмұнына талдау жасамайды, оны ой елегінен өткізіп, талқыламайды;

  • есепті шығару жүйелілігін сақтамайды;

  • химиялық тіл, математикалық есептеу, өлшемдер бірлігін жүйелі қолдану, физикалық шамаларды белгілеу дұрыс ескерілмейді;

  • есептің жауабын қандай да жолмен дәл табу алдыға мақсат етіп қойылып есепті шығарылу жолын түсіндіруге көңіл аударылмайды;

  • шыққын есептің жауабын әртүрлі жолмен тексеру яғни кері есеп шығару немесе басқа әдіс қолдану сияқты шаралар қолданылмайды;

  • есептерді бей-берекет, белгілі бір жүйеге келтіріп алмай, бір-бірімен байланыстырмай шығарады.

Студентті осы аталған кемшіліктерді жібермей сандық есеп шығаруға үйрету өте көп жұмыс атқаруды талап етеді. Сондықтан студенттерге семестрлік жұмыс ретінде сандық есептерді өздігінен шығаруға ұсыну жоғарғы мектеп іс-тәжрибесінде кеңінен қолданылады.

Эксперименттік есептерін шығару химияда студенттер үшін маңызды өзіндік жұмыстың түріне жатады.

Эксперимент есептерінде сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжрибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білікті қалыптастыруда эксперименттің есептердің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді.

Осы айтылғандарға сүйене отырып біз студенттердің де эксперименттік есептер шығару дағдыларының қалыптасуы олардың сарамандық білім негізін қалауда, дербестік деңгейнің жоғарлап, теориялық білімді іс барысында оңтайлы қолдануына жағдай жасайды деген тұжырым жасаймыз.

Бейорганикалық химияның «Элементтер химиясы» бөлімінің соңында студенттерге бейорганикалық қосылыстарды синтездеу өзіндік жұмыс ретінде ұсынылады. Студент өзі таңдап алған қосылысты синтездеуге қажетті реактивтерді белгілеп оны синтездеу жоспарын құруға, синтездеуге қажетті қондырғыны құрастырып және оны синтездеуге тиісті. Негізінен сапалық есептерді шығару 2 курста оқылатын аналитикалық химияда көп қолданылады.

Өзіндік жұмыстың негізінде студенттің өзінің дербес әрекетін ұйымдастыру жатқандықтан, ол өзінің уақытын ұтымды пайдалана отырып, өзіндік бақылау, өзіндік меңгеру әдістерін барынша тиімді қолдануға ұмтылуы қажет. Кредиттік технология негізінде дәріс сабақтарының санының азаюы студенттердің оқу әрекетін ұйымдастыруда аудиториядан тыс жұмыс түрлерін кең қолдану қажеттігін туғызып отыр. Сондай жұмыстардың бірі реферат жазу. Студенттердің реферат жазуы олардың берілген материалды дұрыс пайымдап, мазмұнын ашып көрсете білуіне, жоспарды дұрыс құруға икемделіп, ғылыми ізденуді ұймдастыруына, әдебиетпен жұмыс істей білуге жаттығуына, жинақтаған материалдарын өңдеуден өткізіп, қолданылған әдебиеттердің тізімін дұрыс құра білуіне мүкіндік береді деген пікірді Дүнекова Ж.Ж. Меңдалиева Д.К жұмысынан кездестіреміз. Бірақ зерттеушілер бір пәннен реферат саны бір семестрде екеуден артық болмау керек деген ойды ұсынады.

Біз осы авторлардың ойына қосыла отырып, өзіндік жұмыстардың ішінен елеулі орынды реферат жұмысын орындауға беру қажеттігіне тоқталамыз. Бірақ реферат тақырыбы қалай болса солай берілмей, оқушы ізденімпаздығын шынайы дамытатын тақырыпқа берілу керек деп есептейміз. Яғни студент тек классикалық оқулық материалдарын ғана емес ақпараттандыру материалдарын, интернет көздерін, ғылыми кқнференция материалдарын, ғылыми журналдардағы басылымдарды кеңінен қолдана алатындай болуы керек.

Студенттердің өзіндік жұмысын жандандыруда тағы бір оңтайлы жұмыстың бірі студенттердің пәндік олимпиада жұмыстарын қайта жаңғырту болып табылады.

Олимпиада дегеніміз - студенттердің жоғарғы оқу орнындарындағы және кәсіби болашақ маман әзірлеуде өтетін пәндер бойынша білім, икемділік, дағдысын шығармашылықпен қолдана білудегі жарысы. Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруде, студенттердің таңдап алған мамандықтарына қызығушылығын арттыруда, дарынды жастарды анықтауда, ғылыми зерттеу, әкімшілік, кәсіпкерлік істерге кадрлер қалыптастыруда өте маңызды.

Олимпиадаға тек студенттерді таңдап алумен ғана тоқталып қалмай оларды үнемі осындай жарыстарға әзірлеу қажет.

Өзіндік жұмыстың осындай түрін жүргізу үшін бізге ең алдымен жақсы әзірленген оқытушы, екіншіден шығармашылық қабілеті жоғары және оны дамытуға ұмтылушы студент қажет.

Өзіндік жұмыстың осы түрі олимпиаданы ұйымдастыру шарттары мен қағидаларын да қарастыра кеткеніміз жөн болар. Олимпиадаға студенттерді әзірлеуде қолданылатын қағидаларды біз Н.И.Наумкиннің зерттеуіне сүйеніп белгіледік.



  • Өте жоғары деңгейдегі дербестілік қағидасы. Ең берік білім негізі өз бетімен, студенттердің әдебиетпен жұмыс істеу процесі кезіндег дербестілігі жоғары болуымен іске асырылады. Оқытушы тек соны тиімді ескеріп, студентті дұрыс бағдарлау қажет. Өз бетімен алынған дұрыс шешім, тіпті дұрыс логикалық негізделмеген күннің өзінде, кейіннен ұжымдық талқылау нәтижесінде айқын, сенімді тұжырымға әкеледі.

  • Іргелі әзірліктің негізділігі қағидасы. Студенттерді іргетасы қаланған пәндерден олимпиадаға әзірлеу қажет болғандықтан алдымен олардың бойында математика, физика, химия сияқты пәндерден білім, білік, икемділік дағдыны қалыптастыру міндетті болмақ.

  • Пәнаралық байланыс пен пәндер арасындағы сабақтастық қағидасы.Аталған қағиданың орындалуы тек олимпиадаға әзірлік кезінде ғана емес, оларды оқыту кезінде де маңызды.Мысалы химия олимпиадасында студенттің білімін көрсетуі математика, физика, биология пәндерінен алған біліміне байланысты болады.

  • Білімнің белсенділігі. Олимпиадаға қатысушы студенттің білімі үнемі белсенді күйде болатындықтан, олимпиада тапсырмалары олардың бастапқы білімдерін ескере отрыпы құрылады. Сондықтан олимпиадаға әзірлік кезінде өткен жылдардың тапсырмаларын қолдану тиімді болмақ.

  • Оқу бағдарламасы бойынша үстіртін қарастырылатын кейбір тақырыптарды тереңірек қарастыру. Автордың осы пікіріне қосыла отырып біз оны былайша толықтыруды жөн көрдік. Мысалы «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша кейбір тақырыптар «Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары», «Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің қазіргі күйі», «Құрылысы ерекше қосылыстар» сияқты арнайы курстарда тереңдетіп беріледі. Сол сияқты «химия-биология», «мектептегі химия мұғалімі», «химия» мамандықтарына арналған «Қиындатылған есептерді шығару» арнайы курсы олимпиада есептерін шығаруды үйретуге арналған.

  • Тапсырмалар қиындығы деңгейінің оза берілу қағидасы. Аталған қағида олимпиадаға әзірлік кезінде студенттерге белгілі тур тапсырмасынан анағұрлым жоғары деңгей тапсырмасын ұсынуға келіп тіреледі. Мұндай қағиданың тиімділігі тек олимпиадаға дайындық кезінде емес, сабақ кезінде де тиімді екенін бірнеше жылғы іс-тәжрибе көрсетіп отыр.

  • Есептерді шығару нұсқасының бірнеше түрлілігі мен кешенді талдау қағидасы. Есепті неғұрлым тиімді, рациональды әдіспен шығару, есепті шығарудың мүмкін болатын әдістерін қарастыру олимпиадаға әзірлік кезінде өзінің тиімділігін көрсетті.

  • Өткен олимпиадалардың нәтижесін талдау. Шығарылған есептерді кешенді жолмен талдаумен бірге жиі кездесетін қателіктер, есеп шығаруда жіберілген кемшіліктер сараланып, талданады. Осының нәтижесінде студенттердің білім, білік, дағдысы недәуір жоғарлайды.

Жеке бастамашылдық және еріктілік қағидасы.. Студенттерді ешуақытта күштеп олимпиадаға қатыстыруға болмайды Осы қағиданы орындаудың маңыздылығын Н.Р.Степанова ерекше атап көрсетеді. Студенттердің курстық жұмыс жазуы бір курсқа берілетін тапсырма. Оқу жоспары бойынша әр мамандық студенттерінде курстық жұмыс жоспарланады. Атында тұрғандай бір курста студент тек бір жұмыс орындайды, егер оқу жоспары бойынша екі жұмыс жоспарланса онда студент таңдауы бойынша бір жұмысты орындауға құқылы. Оқу жылы басында оқытушы студенттерге курстық жұмыстың тақырыптарын береді. Химия эксперименттік пән болғандықтан біздің факультеттегі курстық жұмыстар экспериментке сүйеніледі. Кейіннен студент осы курстық жұмыс тақырыбын бітіру жұмысында немес диплом жұмысында жалғастырады. Курстық жұмысты орындау барысында студенттер реферат жазуда меңгерген әдебиетпен жұмыс, материалдарды өңдеу икемділігі, интернетпен, ақпараттық материалдармен жұмыс түрлерін меңгеруді әрі қарай жалғастырады. Студент көбіне оқытушы ұсынған реферативтік журналдарды, анықтамалық материалдарды, отандық, шетелдік, бұрынғы ТМД елдері ғалымдарының жұмыстарын қарастырады. Әдебиеттерге шолу жасаған соң студент жоғарғы оқу орны зертханасында немесе ғылыми зертханада сабақтан тыс уақытта эксперимент жүргізеді. Сонымен қатар студент өз бетімен эксперимент қою, эксперимент жоспарын құру, экспериментке қажетті құралдар мен реактивтерді анықтау, реактивтерді қажетті концентрацияда әзірлеу, егер физикалық әдістер қолданатын болса физикалық әр түрлі құралдарды оқытушы басшылығымен жұмысқа әзірлеу икемділігін меңгереді. Негізінен химия мамандығының 1 курс студенттері үшін экспериментальды курстық жұмысты орындау, сарамандықты аяқтаушы болғандықтан маңызы үлкен. Эксперимент аяқталған соң студент диплом жұмыстарына арналған формада курстық жұмысты жазып, кафедраның әдістемелік комиссиясы алдында оны қорғайды. Әр студентке хабарлама жасау үшін және қойылған сұрақтарға жауап беруге 5-7 минут уақыт беріледі. Курстық жұмысты бағалауда эксперимен нәтижесі, студенттің жұмыстың мақсаты мен нәтижесін баяндауы, студенттің курстық жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі ескеріледі.. Курстық жұмыстың бағасы әдістемелік комисия мүшелерінің шешіміне орай қойылады. Өте жақсы орындалған жұмыстар кафедра ұйымдастырған көрмеге қойылуы мүмкін. Бірінші курс студенттерінің бейорганикалық химиядан жазған жұмыстарының маңыздылығы ол көпшілік студент үшін ғылыми зерттеу жүргізудегі, өзінің бастамашылдығын білдірудегі алғашқы жұмыс болуында.

Бітіру жұмысы немесе диплом жұмысы бұл студенттің оқу орнын аяқтау алдында орындаған ең маңызды, дербес жұмысы болып табылады. Диплом жұмысы курстық жұмысқа қарағанда көп күрделі және жұмыс көлемі де аумақты болады. Диплом жұмысының тақырыбын студенттер негізінен төменгі курстан бастап алады. Мамндануына байланысты олар тақырыпты бейорганикалық химиядан, аналитикалық химиядан немесе органикалық және физикалық химиядан алуы мүмкін. Бағдарлама бойынша әр курс сайын жазатын курстық жұмыстар осы пәндерге байланысты болып келеді. Диплом жұмысында студент тақырыпты белгіліген соң курстық жұмыстағы сияқты әдебиеттерге шолу жүргізеді. Онда өзінің тақырыбының айналасында жүргізілген зерттеу жұмыстарына, ондағы қолданылған зерттеу әдістеріне толық талдау жасап өтеді. Диплом жұмысының екінші бөлімі экспериментке арналады. Онда студент экспериментті жүргізуге таңдап алған әдісін көрсете отырып эксперимент нәтижелерін жүйелі түрде баяндайды. Эксперимент нәтижелері әр түрлі графиктер, сызбанұсқа, диаграмма түрінде химиялық сауатты, математикалық есептеулерімен берілуі керек. Міндетті түрде студент диплом жұмысының қорытындысын беріп, кіріспеде тақырыптың өзектілігін анықтап, оның зерттеу міндеті мен мақсатын, ғылыми болжамын, сарамандық маңызын ашып көрсетеді. Диплом жұмысын жазғанда жетекші тек студентті бағыттап, бағдар береді. Диплом жұмысы студент пен оқытушының біріккен ғылыми жұмысы деп есептеледі.



Дәріс 9,10. Химия кабинетінің жабдықталуы

Жоспары:


  1. Химия кабинетінің құрал-жабдықтары

  2. Химиялық реактивтер

  3. Зертханалық шаруашылық

Оқу кабинетін пайдалану ережесі

1.Оқу кабинетін сабақтың басталуынан 15-минут бұрын ашу керек.


2.Оқушылар кабинетте тек қана ауыстырылған аяқ киімде болуы қажет.
3. Оқушылар кабинетте мұғаліммен бірге болуы қажет.
4.Кабинеттің ауасын әр үзілісте желдетіп алу керек.
5.Мұғалім сабақтан соң кабинетте тазалық жүргізкді ұйымдастырып отыру керек.

Оқу кабинетіне қойылатын талаптар

1.Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған мүліктер мен техникалық құралдар,көрнекі құралдар,оқулықтар, әдістемелік,дидактикалық құралдар.


2.Оқу жылында жасалатын кабинеттің жұмыс жоспары
3.Оқу кабинетінде техникалық қауіпсіздік пен тазалық ережесін сақтау.
4.Оқу кабинетін безендіргенде эстетеикалық талапқа сай ауыстырылатын,ауыстырылмайтын сабақ- хабарлама стендтері, қажетті жабдықтар, тағы басқа құралдар болу керек.

Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.

Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.

Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.

Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады.

Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады.

Негізі дыбыс жұтылтатын заттардан қоса отырып, құрыштан жасалған жоғары сапалы шыныэмальды қаптауы бар тақталар ақпаратты жеңіл, дыбыссыз жазуға мүмкіндік береді, жазылған хабарды жоғары контрастылықпен жеткізеді, және жазуларды арнаулы жұмсақ жөке, шүберектермен оңай сүртіп тазартуға болады. Сонымен қатар, мұнда магнит арқылы суреттер, сызу, диаграммаларды орналастыруға болады.

Шыныэмальды тақталар - 1-ден 7-ге дейін жұмыс беті бар, жылжымайтын, жылжымалы, біріңғай түсті немесе аралас түсті және әртүрлі өлшемдерде болып келеді.

Ноталық дыбыс арқылы қолданылатын тақталар әуен мектептері мен сыныптарына арналады. Олар қара түсті анодталған алюмин қаңылтырға нота сызықтарын орналастыру арқылы жасалады.

Әр түрлі хабарландырулар мен ақпараттарды жариялау үшін, хабарландыруларды үшкір заттармен жапсыра салуға ыңғайлы, табиғи немесе жасанды кеуекті заттан жасалған тақталар қолданылады.

Бөлме жабдықтарын дұрыс орналастырып, оқушыларды дұрыс отырғызудың маңызы да өте жоғары. Оқушылар столы (бір орынды немесе екі орынды) аудиториялық, сызу және лабораториялық столдар оқу бөлмесінің мағнасына сәйкес алынады. Столдарды орналастыру негізінен үш қатар етіп орналастырады, бірақ, кейбір жағдайларда оларды екі қатар етіп орналастыруға болады.

Оқу бөлмелерін жабдықтаған кезде төменде көрсетілген аралықтар сақталуы керек: екі орында столдардың қатарларының аралығы - 60см төмен емес; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы - 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардан) аралығы - 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық - 70см; демонстрациялық столдан оқу тақтасына дейін - 100см; бірінші партадан, оқу тақтасына дейін - 2,4-2,2м кем болмауы керек.

Оқушының оқу тақтасынан ең алыс қашықтығы 860см көп болмауы керек. Оқу тақтасының еденнен биіктігі - 80-90см болуы керек. Мектеп дәрігері сабаққа қатысып, оқушылардың жұмыс кезіндегі дене тұлғасының жағдайын бақылап, олардағы дене тұлғасының ауытқуларын анықтап, бұл жағдайдың себебін ашып, профилактикалық шаралар жүргізуі қажет.

Оқушыны дұрыс отырғызуды гониометрияның көмегімен буындардан пайда болатын бұрыштарға (39 сурет), қажетті жағдайларды таңдау арқылы (20 кесте) жасауға болады. 22 кесте. Оқушыларды дұрыс отырғызуға қажетті гониометриялық көрсеткіштер.



Көрсеткіштер

Бұрыштардың көлемдері,см

Бастың еңкіштігі

26-51

Кеуде омыртқасының иілу бұрышы

41-62

Дененің еңкіштігі

85-100

Тізе бұрышы

75-105

Балтыр-табан бұрышы

75-105

Парта (столдардың) размері, онда отырған баланың бой ұзындығына сәйкес болғанымен, баланың дене тұлғасы дұрыс болмауы да мүмкін, сондықтан баланың дұрыс отыруға дағдыланбағандығын көрсететін мұндай жағдайларға да ерекше көңіл бөлінуі керек.

Химиялық реактивтер, химиялық реагенттер — лабораторияларда анализ жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық реактивтер көбіне жеке заттар болғанымен кейбір заттардың қоспасы да (мысалы, петролейн эфирі) реактивтерге жатады. Тазалығына қарай Химиялық реактивтер ерекше тазартылған, химиялық таза, анализ үшін таза, аса тазартылған, техникалық өнім деп бөлінеді. Реактивтердің тазалығы Мемлекеттік Стандартқа сәйкес болуы керек. Химиялық реактивтердің аты жазылған қағазда атауы, формуласы, қоспасының мөлшері көрсетіледі. Химиялық реактивтер құрамына қарай анорганикалық, органикалық, құрамында радиоактивті изотоптары бар реактивтер, ал қолданылуына қарай аналитикалық реактивтер, сондай-ақ химиялық индикаторлар, органикалық еріткіштер болып бөлінеді. Органикалық функционалды анализ үшін қолданылатын Химиялық реактивтер белгілі, мысалы, 2,4-динитрофенилгидразин, фенилгидразин, семикарбазид альдегидтер мен кетондардың саны мен сапасын анықтауда қолданылады. Улы, тез тұтанатын, қопарылуы қауіпті Химиялық реактивтерде бар, сондықтан оларды қолданғанда белгілі ережелерді бұзбау керек. Ауа әсерінен оңай бұзылатын реактивтерді жабық шыны ыдыстарда сақтайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет