Сабақтың мақсаты: 5 санын қосу және азайту жайлы оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың жан – жақты ойлануын, ізденуін, оқығаның есте сақтаудың іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Бір таңбалы санды ауызша қосып азайтуға дағдыландыра отырып, ойын есептер арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Ұжым болып жұмыс істеуге үйрете отырып тәрбиелеу.
Түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Топпен жұмыс, ұжымдық
жұмыс.
Көрнекілік: Венн диаграммасы, топтастыру «Қай сан жоқ» ойыны, математикалық тест, жұмбақ есеп, «Кім тапқыр» ойыны.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (Оқушылардың оқулықтарын тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырманы тексеріп, сұрақ қою арқылы сабақты қорытамын.
Алғырлар
Тапқырлар
Білімділер
1-ші тапсырма
1-топқа.
1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап бер.